23 Мамыр, 2012

350 мың ауыл тұрғынын қамтиды

345 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

350 мың ауыл тұрғынын қамтиды

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:36

Орал өңіріндегі санавиация қызметінің мүмкіндігі осындай

Республика тұрғындарына көрсетілетін ең қымбат медициналық қызмет түрінің бірі – санавиация. Егемен еліміздің басты капиталы мен басты байлығы – адамдар. Сондықтан санавиация қызметі қаншама қымбат тұрса да, оның есебінен республикада қаржы үнемдеп қалу мәселесі қойылған емес. Бұл қызметті шұғыл жандандыру, жан-жақты өрістету мәселесі Елбасының өткен жылғы  Қазақстан халқына Жолдауына арқау болды.

 

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:36

Орал өңіріндегі санавиация қызметінің мүмкіндігі осындай

Республика тұрғындарына көрсетілетін ең қымбат медициналық қызмет түрінің бірі – санавиация. Егемен еліміздің басты капиталы мен басты байлығы – адамдар. Сондықтан санавиация қызметі қаншама қымбат тұрса да, оның есебінен республикада қаржы үнемдеп қалу мәселесі қойылған емес. Бұл қызметті шұғыл жандандыру, жан-жақты өрістету мәселесі Елбасының өткен жылғы  Қазақстан халқына Жолдауына арқау болды.

Әрине республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл мә­селені тектен тек қоймағаны кәміл. Бұлай болатын себебі кешегі өтпелі кезеңде елдің көптеген аймақтарында санитарлық авиация өз қызметін тоқтатты. Өйткені, оған сол жылдардағы бюджет қара­жатының тапшылығы салқынын тигізді. Осындай күрделі кезеңнің өзінде Жайықтың бойын жайлаған қалың ел санавиация қызметін үздіксіз , іркіліссіз пайдаланып келді. Тіпті оған осыдан төрт жыл бұрынғы жаһандық қаржылық дағдарыс та әсер ете алмапты.

Бастауын сонау 1956 жылдан алатын Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы базасында құрылған санавиация қызметі содан бері шалғай аудандарға ұшақпен жетіп шұғыл жедел жәрдем көрсету жүйесін сақтап қалды. Сонымен бірге, осы жүйені үнемі дамыту, жетілдіру жолдары жалғасып келеді. Бюджеттің бүйірі қабысқан кешегі күрделі кезеңнің өзінде оны ұстап тұруға қажетті қаражат ұдайы бөлініп келгені атап айтуға тұрарлық мәселе.

Осы арқылы облыста өлім-жітім деңгейін әжептәуір төмен­де­туге, қысылтаяң шақтарда ана мен бала өмірін сақтап қалуға мүмкіндіктер туды. Орал өңірінің ең шалғай елді мекендері облыс орталығынан 650 шақырым қашықтықта орналасқан санавиа­цияның қажеттілігі де осында. Қала маңын есепке алмағанда облыстың шалғай аудандарында 350 мыңнан астам адам тұрады. Олардың бәрі аталған айрықша меди­циналық қызмет түрлерімен қамтылып келеді. Осы қызмет аясында шұғыл медициналық көмек сұраған шақырулар бойынша ұшақтар аспанға көтеріледі. Осы арқылы жыл сайын ауыр жағдайдағы 500 адамды ажалдан арашалап қалған санитарлық авиация құрамындағы дәрі­герлердің еңбегі ерен деді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқарма­сының бастығы Хамидолла Ирменов.

Ақжайық атырабындағы санавиация қызметінің өз тарихы мен дәстүрі және қалыптасу кезеңі бар. Айталық мұнда 1956 жылдан 1960 жылға дейін тиісті шақыруларға денсаулық сақшылары теплохотпен және паровозбен жеткізілген. Кейіннен бұған У-2 және АН-10 ұшақтары қолданыла бастаған. Қазіргі уақытта облыстық аурухана жанындағы санавиация бөлімшесі «СКАТ» авиакомпаниясымен жасалған келісім-шарттарға сәйкес АН-2 ұшақтарын пайдаланады.

Санавиацияға кешенді медициналық қызмет ауқымына тән. Яғни, мұның өзі тек бір ғана ұшақтардан тұрмайды. Сонымен бірге, оның құрамындағы УАЗ автокөліктері мен «Фольсваген» маркасындағы реаномобильдер жоғары мамандандырылған жедел жәрдем мәр­тебесін көтере түседі. Оның бірі дүниеге жаңа келген сәбилерді тасымалдауға арналған. Осында орнатылған жүрекке дем беретін және тыныс алуды реттейтін заманауи қондырғылар арқылы жол үстінде келе жатып та ем жасай беруге болады. Ұшақпен шалғай нүктелерге жеткен ақ халатты абзал жандардың аудандық ауруханалар жағдайында жасалған оталары да сәтті шығып жүр.

Бүгінгі қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі – ана мен бала өлімін болдырмау. Мұндай жағдай орын алғанның өзінде оның деңгейін мүлдем тө­мендету болып отыр. Бұл аса жауапты мәселеге батысқазақ­стандық санавиация қызметкерлері де Гиппократ антын ұстана отырып үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Айталық облыстық клиникалық аурухана жанындағы санавиация бөлімшесінің меңгерушісі Ғалымжан Мырзағалиевтің мәлімдеуінше соңғы күндері ұшақпен шалғайдағы Бөкей ордасы ауданынан ауыр жағдайдағы аналар Орал қаласына жеткізілген. Олардың біріне түсік тастау қаупі бар және екіншісіне эклемпсия яғни жүктіліктің соңғы кезеңінде ағзаның күрделі жағдайға тап болуы, әлсіреуі деген диагноздар қойылған. Бүгінде олардың қай-қайсының да беті бері қарағаны облыстағы санавиация қызметінің сапалық биік деңгейі­нен хабар бере алады.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.