Атап айтқанда тұқымдық және азықтық картопқа, алма, құрма, сонымен қатар Өзбекстан Республикасынан әкелінетін анарға. Бұл туралы брифинг барысында АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары А.М. Марс хабарлады.
Соңғы уақытта Қырғыз Республикасынан және Өзбекстан Республикасынан енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде мынадай карантиндік объектілердің анықталуы жиіленіп кетті:
- алма және құрмада карантиндік объект Комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana);
- картопта карантиндік объект картоптың алтын түстес жұмырқұрты Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens.
2018 жылы және ағымдағы жылдың қаңтар - ақпан айларында Қазақстанға енгізілген карантиндік жүктердерді тексеру кезінде Қырғыз Республикасынан карантиндік фитосанитариялық бірегей талаптарына сәйкес 465 фактісі, соның ішінде 59 фактісі карантинге жатқызылған өнімдерден карантиндік объектілермен залалдануы анықталды.
Ағымдағы жылдың соңғы айында Өзбекстан Республикасы аймағынан енгізілген анардан 2 комсток сымыры - Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.