Спорт • 20 Ақпан, 2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

159 реткөрсетілді

  30 наурызда «Алматы Арена» спорт кешенінде ережесіз жекпе-жектен ірі халықаралық турнир өтеді. Бұл жайында Ресейдің M-1 Global ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жарыста Қазақстанның үш бірдей белді спортшысы күш сынасады деп күтілуде. Олар – Шавқат Рахмонов, Арман Әшімов және Асу Алмабаев. Бұл жігіттердің үшеуінің де есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Мәселен, кезінде әйесқойлар арасында жасындай жарқыраған 24 жастағы Шавқат Рахмонов кәсіпқойлар сайысында да ешкімге есе жіберген емес. Қандасымыз өзінің 10 кездесуінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтады. Түрлі нұсқалар бойынша чемпиондық белбеулерді иеленді. Ол жартылай орта салмақта жұдырықтасады.

Кикбокстың хас шебері 27 жастағы Арман Әшімов ережесіз жекпе-жектен өткен талай жарыста топ жарды. Осы күнге дейін ол 9 кездесуде жеңіске жетіп, үшеуінде ұтылды. Былтырғы жылдың басында М-1 нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағын иеленген болатын. Алайда сол жылы қазақ спортшысы украиналық Александр Доскальчукпен айқасып жатып, қолын сындырып алды. Соның салдарынан алтын белбеуден айырылды.

25 жастағы Асу Алмабаевтың да алған асулары аз емес. ММА-да ол 11 айқас өткізіп, 9 рет үстемдік танытты. 6 мәрте айқын басымдыққа ие болды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар