31 Мамыр, 2012

Сақтансаң, сақтайды

800 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сақтансаң, сақтайды

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:41

Мұнай мен көмірсутекті шикізатты өндіру ісі еліміздесондай-ақ бүкіләлемде техногенді апаттардың қаупімен қатар жүредіАшық газ жәнемұнай бұрқақтары да сол қатарданСондықтан бұрғылау құралдарының,ұңғылар мен құрылыс технология­ларының жетілдірілуіне қарамастан,қазіргі күнде мұнай нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болыпқалудаОсы ретте біз мұнай-газ өндіру саласында қауіптің алдын алу,залалды құрықтаумұнай-газ бұрқақтарының алдын алу және жаңажұмыстары жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі «Кәсібиәскериленді­рілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚКбастығының орынбасары Әлібек БАЙЗАҚОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

 

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:41

Мұнай мен көмірсутекті шикізатты өндіру ісі еліміздесондай-ақ бүкіләлемде техногенді апаттардың қаупімен қатар жүредіАшық газ жәнемұнай бұрқақтары да сол қатарданСондықтан бұрғылау құралдарының,ұңғылар мен құрылыс технология­ларының жетілдірілуіне қарамастан,қазіргі күнде мұнай нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болыпқалудаОсы ретте біз мұнай-газ өндіру саласында қауіптің алдын алу,залалды құрықтаумұнай-газ бұрқақтарының алдын алу және жаңажұмыстары жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі «Кәсібиәскериленді­рілген апаттық-құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚКбастығының орынбасары Әлібек БАЙЗАҚОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

– Әлібек Құсайынұлыәлемдік рынокта қара алтынның бағасы дақұныда жоғары екендігі белгіліОсы орайда мұнай өнімдерін өндіру оңай емесекендігі расСондықтан қазіргі кезде Каспий теңізінің қазақстандықбөлігін­дегі мұнай және газ кен орындарының жалпы жағдайы қандай?

– Қазіргі кезде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қайраңында ірі тұзды жоғары күкіртті мұнай және газ кен орындары өңделуде. Бұл – Қа­зақ­станның мұнай өнеркәсібі тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Батыс мұнай компанияларымен жүргізілген геофизикалық зерттеулер мәлі­меттері бойынша, Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз мұнай кен орындары құры­лым­дары (резервуарлар) ұзындығы 160 шақырым ай­мақ­тан тұрады. Аномалиялы жоғары қысымды жо­ғары температуралы және құрамында күкіртті су­те­гі, сондай-ақ басқа да улы газдар, айналуы жой­ыл­ған аймақ және қозғалмалы тұзды қыртыс, өзге де қиындықтар мен қаупі бар барлық тұзды мұнай резервуарлары оқ-дәріге толған ыдыс сияқты…

 – «Жаман айтпайжақсы жоқ» дегендейегер ол оқ-дәрілер кенеттенжарылар болса

– Онда аталған мұнай кен орындарындағы ықтимал мұнай-газ төгінділерінің қоршаған орта­ға әсері және салдары 1985 жылғы маусымда Те­ңіз кен орнының № 37 ұңғысында болған жойқын мұнай-газ төгінділеріне ұқсас болуы мүмкін. Ол кездегі апатты 398 күн бойына жоюға тура келген. Қоршаған ортаға 3,4 миллион тонна мұнай (шамамен Мексика шығанағындағыдан 15 есе көп!), 1,7 миллиард текше метр газ төгілген, соның ішінде 516 мың тонна күкіртті сутегі, 1 миллион тонна шамасында жанбаған көмірсутегі және 900 тонна қара күйе бар.

2010 жылғы 20 сәуірде Мексика шығанағында дүние жүзі тарихында бұрын болмаған экология­лық апат болды. Ол Жаңа Орлеанның (АҚШ, Луизиана штаты) оңтүстік-шығысынан 210 шақырым­да орналасқан British Petroleum компаниясының Deep­water Horizon теңіз бұрғылау платформасында мұ­най-газ төгінділерінің жарылысынан кейін орын алған еді. Жойқын экологиялық апат қор­шаған ортаға қаншалықты жауапкершілікпен қа­рау қажет­тігін көрсетті. Апат нәтижесінде 11 жұ­мысшы із-түссіз жоғалып кетті, ал Мексика шы­ғанағын үлкен көлемде көмірсутегі шикізаты басып қалды. Материалдық, қаржылық және адам ресурстары аянбай жұмылдырылғанына қарамас­тан, техногенді апатты жою көп уақыт алды.

– Біздің енді Теңіз кен орнында болған жойқын апаттың қайталанбауына,Мексика шығанағын­да орын алған экологиялық апаттың болмауынакепілдік бар ма?

– Қазақстанда мұнай кен орындарын жылдам игеру, ғалымдар мен экологтардың пікірінше, қауіп­сіздікке кепілдік бермейді. Өйткені, елімізде ықти­мал техногенді апаттарды жоюға арналған авария­лық-құтқару базасы жоқ. Менің айтарым, Каспий теңізі қайнарын өңдеу мен игеру жобасын іске асыру кезін­де жойқын апаттардың пайда болуы мүмкін­­дігінің ғылыми тұжырымы Каспийдегі төтенше жағдайлар­ға дәл және тиімді ден қою бойынша маман­дан­дырылған бірлескен ұйым құруды көздейді.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы Атырау облысына жұмыс сапары кезінде мүд­делі мемлекеттік органдарға Солтүстік-Кас­пий эколо­гия­лық базасын және Каспийдегі төтен­ше жағдай­ларға дәл және тиімді ден қою бойынша маман­дандырылған бірыңғай ұйым құру бойынша жос­парлы іс-шараларды бастауды тапсырды. Рес­публика Үкіметі әзірлеген «Каспий те­ңізі қайнарын игерудің мемлекеттік бағ­дарла­ма­сы» те­ңіз, сондай-ақ жер операцияларын, зерттеу жұмыс­тарын жүргізуді, технологиялық нысандар­дың құрылысы мен іске енгізуді қарастырады.

Бүгінгі таңда министрлікте Каспийдегі тө­тен­ше жағдайларға дәл және тиімді әрекет ету бойынша мамандандырылған бірыңғай ұйым құ­ру, апаттық жағдайларға алғашқы және жедел әре­кет етуге арналған техникаға, арнайы стандарттық және ауыр құралдарға мониторинг жүргізу және сатып алу қажеттілігін анықтау, оларды сақтау мен қызмет көрсету, тиісті инфрақұрылымға сәй­кес ғимараттар мен құрылыстар кешенін, тікұшақ­тарға арналған қону алаңы, құтқару және қосым­ша кемелер үшін айлақ салу бойынша дайындық жұмыстары жүргі­­зілуде. Мамандандырылған бірыңғай ұйым құру бойынша қаржылық жүктеме министрлік бюджеті үшін ауыртпалық туғыза­тын­дығын ескере отырып, республикалық бюджеттік комиссия мамандан­­ды­рылған бірыңғай ұйымды Төтенше жағдайлар ми­нистрлігінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» республика­лық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құры­лымдық теңіз авариялық-құтқару бөлімшесі ретінде құру мәселесін қарастыру ұсынылды.

– Осы ретте құрылатын бөлімше қызметі­нің жұмысы қандай болмақ?

– Құрылатын бөлімше қызметінің мақсаты мен негізгі миссиясы ашық газ және мұнай атқы­ла­ма­ларының, теңізге мұнай төгілуінің алдын алу мен жою болып табылады. Сонымен бірге, тех­но­ло­гиялық-мамандандырылған авариялық-құтқару мін­деттерінен басқа ол теңізде адамдарға көмек көр­сету, құтқару және көшіру, теңіз объек­ті­ле­рін­дегі өртті сөндіру, суға кеткен кемелерді көтеру және төтенше жағдайлар аймағында су асты-тех­никалық жұмыстарды жүргізу бойынша мемле­кеттік авария­лық-құтқару міндеттерін атқаратын болады.

– Жоғарыда ай­тылған апаттардан сақтану үшін елімізде қазіргіуақытта төтенше жағ­дай­лар қызме­ті­мен қандай жұмыстаратқарылуда?

– Кәсіпорын басшылығы газ, мұнай, судың пайда болуының, ашық мұнай және газ атқылама­лары­ның, және теңізге мұнай төгілуінің алдын алу мен жою саласында халықаралық ұйымдармен техни­калық тәжірибе алмасуға және «Ақ Берен» филиалдары мамандарының біліктілігін көтеруге аса үлкен көңіл бөледі. Мәселен, кәсіпорын бюдже­ті­нің жеке қара­жаты есебінен ағымдағы жылы «Мұнай және мұнай өнімдерінің апаттық төгілуін жоюдың техникасы мен технологиясы, объекті­лер­дегі өрт сөндіру құрал­дары» бағдарламасы бойынша мұнай және мұнай өнімдерінің жер қыртысында, ішкі су қоймаларында және теңізде жағалау сызығында төгілуіне әсер ететін мұнай нысандарындағы апаттар салдарымен күрестің жаңа технологиялары мен әдістері оқытылатын Ұлыбританияда халықаралық мұнай апаттарын жою орталығы базасында 12 маманды біліктілігін көтеру курсынан өткізу жоспарланды.

Еліміздің саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету­ге және экономикалық дамудың жоғары қар­қынын қолдауға мүмкіндік беретін, ішкі және сыртқы саясаты қазақстандық көмірсутегі шикі­за­тының мұнай өң­­деу саласына шетелдік, отандық инвес­торлардың қы­зығушылығын туғызуы Кас­пийдегі төтенше жағ­дай­ларға тиімді әрекет етуге мамандандырылған бірың­ғай ұйым құрудың қажеттілігін тағы да көрсетіп отыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».