08 Маусым, 2012

Әзербайжан қызына

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан қызына

Жұма, 8 маусым 2012 7:41

Атың Сана, көзің қара гөзәл қыз,

Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз;

Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз,

 

Әзербайжан қызына

Жұма, 8 маусым 2012 7:41

Атың Сана, көзің қара гөзәл қыз,

Жыр жаздырдың жүрегімнен амалсыз;

Мен кетермін, альбом ашып қарарсыз,

Ақын қазақ ағаңды еске аларсыз.

Тавриз – Баку аспанында күн сана,

Күміс Каспий жағасында гүл Сана,

Жүрегіңмен жүрегімді бір сана,

Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл Сана.

Қасым АМАНЖОЛОВ

1947 жыл.