Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берілді

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге қатысты депутаттық сауалға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жауап берді.

Мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты депутаттық сауалға жауап берілді

«Өткен жылдың желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерін Мемлекеттік сатып алу және сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – заң) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданды және қолданысқа енгізілді. Бірінші кезекте, бұл заң «бір күндік компаниялардың» сатып алуларына қатысуға жол бермеуге және демпингтік баға және жеткізушілердің қаржылық жағдайына негізделген сапалық өлшемдерді енгізу сияқты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған», делінген Б.Сағынтаевтан келген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада аталған мәселелерді шешу үшін бағаны төмендету қажет екені айтылған. Белгіленген шекті бағалар мынадай:

- Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша шегі 10% мөлшерінде белгіленген;

- ТЭН, ЖСҚ жобалау бойынша – 15 %;  

- техникалық қадағалау қызметтері бойынша – 15 %.

Бұл ретте құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жұмыстары бойынша бағаны төмендетуге жол берілмейді. 2016 жылға дейін демпингтік баға беруге тыйым салу қолданылған кезеңде жеңімпазды анықтау мынадай түрде жүзеге асырылды:

1) бірінші кезеңде жеңімпаз ең төмен конкурстық баға ұсынысының негізінде танылды;

2) екінші кезеңде конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы үшін берілетін үлкен шартты жеңілдігі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылды.;

3) үшінші кезеңде жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылды.

«Өнім берушіні таңдаудың ұсынылатын тәсілі бір күндік компаниялардың сатып алуларына қатысуға жол бермеу. Сондай-ақ кәсіпкерлерді салықты адал төлеуге ынталандыру. Аталған тәртіп 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін және жартыжылдық құқық қолдану практикасын ескере отырып, оның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ықпал ету мәселесін қарастыруға болады» делінген Премьер-Министрдің депутаттық сауалға жауап берген хабарламасында.