Аймақтар • 21 Ақпан, 2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

264 реткөрсетілді

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі 6505 әскери бөлімінің күзет бекетінде сарбаз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 ақпан таңертеңгі сағат 07.30 шамасында 6505 әскери бөлімінің 2-атқыштар батальонында мерзімді әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Әліби Сапа қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзету бойынша қызметін орындау барысында өз басына оқ атып алды. Салдарынан ол қаза болды», - деп мәлім етті «Орталық» Аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметінен.  

Көз жұмған сарбаз 2000 жылы туған. Мерзімді әскери қызметке 2018 жылдың желтоқсанында Алматы облысы Талғар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен шақырылған.   

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Орталық аймақтың Әскери-тергеу басқармасының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар қызметтік тексеріс өткізуде. 6505 әскери бөлімінің қолбасшылығы қаза болған қатардағы әскери қызметші Әліби Сапаның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар

Ана тілі – арым дейтін жастар көп

Қазақстан • Бүгін, 09:21

«Ақылға сәуле қонбаса...»

Қоғам • Бүгін, 08:03

Қатыгездік қайдан шығады?!

Қоғам • Бүгін, 07:46

Хирург, ғалым, қаламгер

Руханият • Бүгін, 07:38

Талапты жетер мұратқа

Сұхбат • Бүгін, 07:27

Ливия түйіні шешіле ме?

Әлем • Бүгін, 07:17

Телқоңыр

Руханият • Бүгін, 07:12

Балалар ойнайтын алаңқай жоқ

Аймақтар • Бүгін, 07:11

Ақбас сиырдан артығы жоқ

Экономика • Бүгін, 07:03

Жол мұраты – ел қуаты

Экономика • Бүгін, 07:00

Демография дабылы

Қоғам • Бүгін, 06:56

Хакім кітабы – халыққа

Аймақтар • Бүгін, 06:55

Абайды алғаш танығандар

Руханият • Бүгін, 06:52

Қарқаралының аға сұлтаны

Руханият • Бүгін, 06:48

Абай тойы басталды

Қоғам • Бүгін, 06:21

Ұқсас жаңалықтар