Маңғыстау облысында мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін гранттар беріледі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2-ші , 3-ші оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2-ші оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы