«Ұрының құйрығы бір-ақ тұтам». Біреудің табан ақы, маңдай терімен келген қаржысын иемденіп кетпек болған ұры ұсталды.
«Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында жедел уәкілдер, криминалист және тергеушінің кәсіби біліктілігінің нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Мамандардың бірлескен жүйелі жұмысы осылайша оң нәтиже берді. Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптамалармен, зерттеу қорытындыларымен толық дәлелденді. Нәтижесінде іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотта қылмыскер өз қылмысын мойындаған. Енді ол жәбірленушіге ұрлаған ақшасын төлеп қана қоймай, өмірінің 10 жылын темір тордың аржағында өткізеді. Ал, ол-өте ауыр өмір. Тағдырын осылайша қиындатып алған азаматтың жазасы ауыр көрінгенімен әділ кесім. Өйткені, біреудің есебімен екі жеп биге шыққысы келетіндер қазір көбейіп тұрған сыңайлы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы