АҚШ-та 2020 жылдың 3 қарашасында кезекті президенттік сайлау өтетіні белгілі. Бұл саяси шара нәтижесінде, егер Дональд Трамп келесі кезеңге өте алмаса, елдің 46-шы президентінің есімі белгілі болады.

Келер жылдың әлем бойынша басты оқиғаларының бірі болғалы тұрған бұл сайлауда бақ сынауға бел байлап отырғандар мен әлі нақты бір шешімге келе қоймағанымен, өз кандидатурасын ұсынуға емеурін танытушылар қатары аз емес. Қазірдің өзінде бұлардың ұзын саны 20-дан асып отыр.
Қазіргі президент Д.Трамп бастаған осы құрамның ішінде азуын айға білеген белгілі саясаткерлердің, дәлірегі АҚШ қоғамы мен халықаралық қоғамдастықта жоғары беделге ие лайықты тұлғалардың саны басым.
АҚШ-тағы перзиденттік сайлауда негізгі тартыс әдеттегідей республикашылар мен демократтар арасында өтетіні белгілі. Десек те елдегі үшінші саяси ұйым – 1971 жылы құрылып, 1972 жылдан бері президенттік сайлауға өз үміткерін ұсынып келе жатқан, 2016 жылғы сайлауда бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізген (4 млн-нан астам дауыс жинаған) Либертариан партиясы атынан да сынға түсуді көздеп отырғандар бар екенін айта кетуіміз керек.
Соңғы деректерге қарағанда, әзірге АҚШ-тың Республикалық партиясы тарапынан кандидат болуға іс басындағы президент Д.Трамп, экс-губернатор Уильям Уэлд және америкалық саясаткер Джек Феллюр талаптануда. Ал осы партия атынан үміткер атанудың мүмкіндіктерін тағы 5 адам қарастырып отырған сыңайлы. Олардың арасында губернаторлар Джон Кейсик пен Ларри Хоган, экс-сенаторлар Боб Коркер мен Джефф Флэйк,1989-1993 жылдары АҚШ вице-президенті аппаратының басшысы болған Уильям Кристол бар. Бұл тұлғалардың қазіргі жағдай бойынша мүмкіндіктерін есепке ала сөйлесек, (егер республикашылардың арасында Д.Трампқа лайықты қарсылас табылмаса) партияішілік тартыста АҚШ-тың 45-президентінің алдына ешкім түсе қоймайтын тәрізді. Демек, республикашылар 2016 жылғы таңдауын бұл жолы да қайталауы әбден мүмкін.
2016 жылғы президенттік сайлауда республикашыларға есе жіберіп, өз үміткерін өткізе алмай қалған Демократиялық партия тарапынан қазіргі кезде 7 тұлға өздерін АҚШ-тың 46-шы президенті болуға лайықты көріп отыр. Олар: сенатор Кори Букер, партия жетекшілерінің бірі, Өкілдер палатасының мүшелері Тулси Габбард пен Джон Делейни, экс-министр Хулиан Кастро, сенаторлар Берни Сандерс пен Камала Харрис және жазушы Марианна Уильямсон. Бұларға қоса, Вашингтон штатының губернаторы Джей Инсли мен сенатор Элизабет Уоррен де өз бақтарын сынап көруі мүмкін. Сондай-ақ 2004 жылғы сайлауда кіші Д.Буштан жеңілген, 2013 жылдың ақпан айынан бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған белгілі саясаткер Джон Керри де алдағы сайлауға түсетін секілді. Біздің бұлай деуімізге оның таяуда: «Мен мұны (сайлауға түсетінін) жоққа шығармаймын, ештеңеден бас тартпаймын. Иә, бұл жайында ойлап жүрмін», деген сөзі сеп болып тұр. Алайда, америкалық саясаттанушы ғалымдар соңғы 50 жылда ең тиімді Мемлекеттік хатшы деп таныған Д.Керридің өз партияластарынан қаншалықты қолдау табатынын дөп басып айту қиын. Бұл турасында естіген Д.Трамп Джон Керридің президент қызметіне сайланғысы келетінін «сәттілік» депті.
Бүгінде АҚШ-тың келесі президенті кім болатынын болжау қиын... Әзірге республикашылардан президенттікке басты үміткер болуға Д.Трамп пен Массачусетс губернаторы У.Уэлд таласады деген болжам бар. Ал демократтар арасындағы басты саяси айқасқа кімдер түсетінін дөп басып айту әлі ертерек. Қазіргі таңда Хиллари Клинтон үнсіз, Джон Керридің жоғарыда айтқан дүдәмал пікірінен өзге ешқандай кесімді шешімі болмай тұр... Ал АҚШ-тың, сондай-ақ өз партияластары алдында біршама салмағы бар сенатор, 77 жастағы Берни Сандерстің президенттік сайлауға Вермонт штатынан кандидат ретінде қатысатынын мәлімдегені бірінші кезекте демократтардың ішіндегі тартыстың бір лайықты кейіпкерін анықтап бергендей. Еске сала кетейік, Б.Сандерс 2016 жылы президенттік сайлау науқанына үміткер ретінде қатысып, жеме-жемге келгенде Хиллари Клинтон ханымға жолын берген-ді.
Қорыта айтқанда, әлемдегі ең алпауыт мемлекет – АҚШ-тың мақтауды да, даттауды да аз естіп жүрмеген қазіргі президентінің екінші кезеңге сайланар, сайланбасын немесе АҚШ-тың 46-шы басшысы кім болатынын уақыт өзі көрсетеді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Egemen Qazaqstan»
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Бүгін, 22:35
Елордалық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді
Елорда • Бүгін, 22:03
Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
Әлем • Бүгін, 21:35
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Бүгін, 21:06
Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді
Президент • Бүгін, 20:36
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Бүгін, 20:00
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Бүгін, 19:30
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Ұқсас жаңалықтар