Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

Солтүстiк Қазақстаннан көшiп кеткен тұрғындардың саны 15% азайды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында СҚО әкiмi халық алдындағы есептiк кездесуде мәлiмдедi. Кездесуге ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев қатысты.

Солтүстiк Қазақстаннан көшiп кеткен тұрғындардың саны 15% азайды

Қазiр мемлекеттiк саясат халықтың әл-ауқатын арттырып, облыс тұрғындарының санын көбейтуге бағытталған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша оң көрсеткiш бар.

«Бiз миграциялық процестер бойынша оң өзгерiстердi байқап отырмыз. 2017 жылмен салыстырғанда облыстан көшiп кеткен адамдардың саны 15% азайған. Көптеген жастарымыз облыста қалуда. Шекаралық аймақтарға барып оқитын түлектердiң саны 13% қысқарды. 2018 жылы СҚМУ гранттар санын 342 ден 1072 дейiн өсiрдi. Жергiлiктi бюджеттен 75 грант бөлiндi», — дедi Құмар Ақсақалов.

2018 жылы 1,5 мың адам немесе 450 отбасы көшiп келдi. Биыл тағы 2 мың адам келедi. Болашағы бар ауылдарда биыл 600 үй салынады. Осы ауылдарға жол, мектеп, амбулатория жөндеуге, ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бағытталады. Айтып өткен жөн, биыл 705 км жол жөндеуге 37 млрд. теңге бөлiнедi. 29 ауылға таза ауыз су келедi, бұл елдi-мекендерде 24 мың адам тұрады.