Спорт • 22 Ақпан, 2019

Конькиден әлем чемпионаты басталады

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-24 ақпан аралығында Голландияның Херенвен қаласында коньки спорты бағдарламасындағы спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтеді. 

Конькиден әлем чемпионаты басталады

Айтулы жарыс 1970 жылдан бері төрткүл дүниенің әр қиырында үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Өкінішке қарай, Қазақстанның спортшылары сол бәсекелерде бірде-бір мәрте жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ. 2015 жылғы әлем чемпионатын Астана қаласы қабылдағаны есмізде. Әйелдер арасында АҚШ-тың қос жұлдызы Бриттани Боу мен Хизер Ричардсон жасындай жарқырап, алтын мен күмісті өзара бөліссе, ерлер сайысында ресейлік Павел Кулижников топ жарған болатын.

Былтығы жарыс Қытайдың Чанчун қаласында өтті. Ерлер арасында норвегиялық Ховар Лорентсен озса, әйелдер бәсекесінде голландиялық Йорин тер Морстың мерейі үстем болды.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

 «Egemen Qazaqstan»