21 Маусым, 2012

Денсаулығымыз бен абыройымызды бірге көтерейік

346 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Денсаулығымыз бен абыройымызды бірге көтерейік

Бейсенбі, 21 маусым 2012 7:43

Жыл сайын жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні атап өтіледі. Бұл жолғы еске алу «Денсаулығымыз бен абыройымызды бірге көтерейік» деген тақырыпта ұйымдастырылды.

Акцияны өткізудің мақсаты ЖИТС-тан қайтыс болған адам­дардың проблемаларына әлем­дік қоғамдастықтың назарын аудару, сондай-ақ жыныстық қатынас тәртібін сақтамайтын және есірткі тұтынатын адам-дардың ауыру мүмкіндігі жоға­ры екенін халықтың есіне салу болып табылады.

 

Бейсенбі, 21 маусым 2012 7:43

Жыл сайын жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні атап өтіледі. Бұл жолғы еске алу «Денсаулығымыз бен абыройымызды бірге көтерейік» деген тақырыпта ұйымдастырылды.

Акцияны өткізудің мақсаты ЖИТС-тан қайтыс болған адам­дардың проблемаларына әлем­дік қоғамдастықтың назарын аудару, сондай-ақ жыныстық қатынас тәртібін сақтамайтын және есірткі тұтынатын адам-дардың ауыру мүмкіндігі жоға­ры екенін халықтың есіне салу болып табылады.

Адамның иммун тапшы­лығы вирусы (АИТВ) мен жүре пайда болған иммун тапшылы­ғы синдромы (ЖИТС) туралы осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын айтыла бастады. Өткен ғасырдың 80-жылдарының басында медициналық журналдарда гомосексуалистердің арасында анықталған аурудың бел­гілері сипатталып, сондай-ақ нашақорлардың ортақ шприцті пайдаланғаны туралы мақала­лар жарияланды.

Жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, кө­біне ЖИТС ретінде танымал, адамзаттың едәуір көп бөлігінің өміріне қауіп төндіреді. ЖИТС-тың қоздырушысы АИТВ (адам­­ның иммун тапшылығының вирусы). Бұл атау 1986 жылы ЖИТС тудырушы вирустың бел­гісі үшін термин ретінде қа­был­данды.

Адамның иммун тапшылы­ғы вирусының көлемі жаһан­дық си­патқа ие және көптеген әлем елде­рінің әлеуметтік эко­номика­лық дамуына шынымен қауіп төндіріп отыр. Вирус циркуляциясы нашақорлар ортасынан шы­ғып, бірте-бірте даму­дың жаңа сатысына өткені, оның ішінде әйелдердің үлес салмағының артқаны туралы да деректер бар.

Әлемде АИТВ жұқтырған­дарды кемсітушілік байқалады. АИТВ жұқтырғандардың құ­қығы жиі бұзылады: оларды жұмысқа қабылдамайды, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру қиын.

Бүгінгі күнге дейін ЖИТС вирусына қатысты біраз жай­лардың беті ашылды десек те, жұмбақ жайлар да аз емес. АИТВ тосыннан пайда болады әрі тез тарайды. Әлі күнге дейін оның пайда болу себебі де анықталған жоқ.

Біз АИТВ-ның қан құю ке­зінде жұғатынын білеміз. Сол сияқты ағзаның түрлі биоло­гиялық сұйықтықтары арқылы, органдар мен тіндерді алмастыру барысында қауіп күшейеді. АИТВ жұқтыру оқиғасы бүйрек алмастыру кезінде, сондай-ақ донорлардан экстракорпоральды ұрықтандыру кезінде орын алған фактілер де бар.

АИТВ бірден пайда болмайды, оның алғашқы белгілері жұқтырғанан кейін 3-6 ай өткен соң ғана білінеді. Бұған дейін адам өзін жақсы сезініп, ау­рудың белгісін байқамайды да. Біз өзімізді және жақындары­мызды осы дерттен қорғау үшін барлық шараларды жасауымыз қажет. Ал, қоғамның міндеті – АИТВ жұқтырған адамдарға толыққанды өмір сүру жағ­дайын жасау, оларға қатысты әр түрлі формадағы кемсітулерге жол бермеу.

Әлемде барлығы 40 мил­лионға жуық адам осы дертке шалдыққан. Олардың үштен екі­сінен көбі африкалықтар. Бұл жерде індет 1970 жылдар­дың соңында – 1980 жылдардың басында пайда болды. АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ (ЮНЭЙДС) және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен (БҰД) бірлескен бағдарлама­сының бағалауы бойынша, әлем­де АИТВ жұқтырған және ЖИТС-қа байланысты 25 миллионнан астам адам қайтыс болған.

Елімізде осы жылдың 1-ші мамырына дейінгі дерек бойынша АИТВ жұқтырған 18 459 және ЖИТС-пен ауыратын 1 561 науқас тіркелді. АИТВ-ға оң нәтижелі статуспен тіркел­ген адамдардың 47,5 пайызы 15-29 аралығындағы жастар. Астана қаласында АИТВ жұқ­пасына қатысты 520 оқиға тіркелген. 100 мың тұрғынға көрсеткіш 71,4 құрады. Соңғы уақытта АИТВ-ның жы­ныстық жолмен берілуінің үлес салмағы жұқтырғандар санына әйелдердің тартылуы есебінен артқаны байқалады. Тағы бір айта кетерлік жай, бұл ауру әйелдерде көбірек кездесіп отыр. 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ жұқпасының 4 оқиғасы тіркелді.

Осы жылдың «Денсаулығы­мыз бен абыройымызды бірге көтерейік» ұраны кездейсоқ емес. Тек қана бірлескен күш ар­қылы індетті тоқтатуға болады.

Салтанат МУСИНА,

ЖИТС-тың алдын  алу және  оған қарсы  бас дәрігерінің орынбасары.

Астана.