Зигфрид Фогель: «Көп жайға таңғалып жүрмін»
Сенбі, 30 маусым 2012 7:45
Ертең Астанада отандық нейрохирургтердің ІІ съезі өз жұмысын бастамақ. Съезге өз мамандарымызбен қатар шетелден, яғни, Ресей, Украина, Германия, Франция, Швейцария, Венгрия, Бельгия, Қытай, т.б мемлекеттерден де тәжірибелі нейрохирургтер шақырылған болатын. Олардың алды Астанаға ат басын тірегелі үш-төрт күн болып қалды. Шетелдік дәрігерлер орталықтың мамандарымен бірлесіп оталар жасап, шеберлік сыныптарын өткізуде. Біз солардың бірі Мейо клиникасының (Германия) бөлімше меңгерушісі Зигфрид Фогельмен аз-кем тілдескен болатынбыз.

– Нейрохирургия ғылыми-зерттеу орталығы және осындағы мамандар туралы не айтар едіңіз?
– Қазіргі уақытта мен орталықтың жұмысымен егжей-тегжейлі танысып жатырмын. Мұнда білікті мамандар жұмыс істейді. Барлық жағдай жасалған жерде жұмыс істеудің өз рахаты болатын болса, маған да осы орталықта жұмыс істеу сондай қуаныш сыйлайды. Кеше алғашқы отамды жасадым. Бәрі сәтті өтті деп жатыр. Өз елімде, өз үйімде жүргендеймін.
– Сіздің ойыңызша, орталықтың техникалық қамтамасыз етілуі қай деңгейде?
– Техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі Батыс мемлекеттеріндегі клиникалармен бірдей. Сондай-ақ, емдік және диагностикалық технологиялар да бір деңгейде деп айтуға болады.
– Қазақстандағы нейрохирургияның дамуы туралы ойыңызды білдірсеңіз?
– Осындай аз ғана уақытта Қазақстан батыс елдеріндегі деңгейге қалай жетті деп таңқалдым.
– Сіз үшін осындағы қандай жағдай таңсық болып көрінді?
– Бұл орталықта балалар нейрохирургиясы бөлімшесі бар екен. Сондай-ақ балаларды нейрооңалту бөлімшесі де жұмыс істеп тұр. Маған балалар нейрохирургиясы бөлімшесі қатты ұнады.
– Сіздің ойыңызша осы орталықта келешекте тағы қандай күрделі оталар жасалуы мүмкін?
– Күрделі оталардың түрі көп. Оны бұл орталық жасап та жатыр. Осы деңгей арқылы дамыған мемлекеттердегі клиникалармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға әбден болады деп есептеймін. Мен өзім нейроонколог болғандықтан, орталық жұмысымен танысу барысында мидағы ісікті емдеуге байланысты әріптестіктің берері көп деп ойлаймын.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».