Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы болып Ержан Сейтенов тағайындалды. Бұған дейін ол мегаполистің Жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы болған.

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды

Басқарманың жаңа басшысының алдына қойылған басты міндеттердің бірі - қаланы қоршаған ортаны жақсарту, экономиканың түрлі секторларына тиімді «жасыл» жобаларды енгізу, су ресурстарын, жасыл қорды сақтау және ұлғайту арқылы қаланың экожүйесінің антропогенді жүктемесін азайту және басқалары.

Қала әкімі жұмысты қалдықтарды жинауды жетілдіруден, утилизациялаудан, қайта өңдеуден, жасыл экономика принциптерін ескере отырып, табиғатты қорғау шараларын барынша тиімді жоспарлаудан, халықаралық озық тәжіибені пайдаланудан, залалдандырудың барлық ошақтарын анықтаудан бастауды, мұндаі big dataны тиімді қолдануды атап өтті. Бұлардан өзге, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін өндіріс орындарына қала сыртына шығару қажет.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматы әкімдігінде трансформация болған еді. Қазіргі кезде барлық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің жұмыстары қайта құрылуда, оңтайландыру процесстері жүруде, цифрлы технология мен корпоративті басқару енгізілуде, мемлекеттік қызметтің сапасы артуда. Алты басқарма қысқарып, олардың функциялары басқа құрылымдарға берілді. Бұл басқару және қосымша лаузымдарды жойып, босаған бірліктерді халықпен етене жұмыс істейтін басқармаларға беріліп, олардың құрамы күшейтілді.