Аймақтар • 23 Ақпан, 2019

Павлодарда  «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталықта «Ауыратын уақыт жоқ», «Шай ішейік» деп аталатын клубтар  жұмыстарын бастап та кетті.

Павлодарда  «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Суретті түсірген: Мақсат Айтбай

Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті филиал басшысы Сейсембай Жетпісбаевтың айтуынша Достық үйінде ашылған «Ұзақ өмір сүру» орталығын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен жергілікті Ассамблея бірлесіп қолға алды.

Мақсат-қарт адамдардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Жалпы, жергілікті Ассамблея құрамында  24 этномәдени  бірлестік бар.

Әрқайсысында 20 адамнан алғанда  500-ге жуығы қарт адамдар.  Барлығы да сергек, орталықтағы хор үйірмесі, музыкалық аспаптар, хореография  бөлімдеріне қатысады.

Ал, «Ұзақ  өмір сүру орталығында»  IT технологиялар, салауатты өмір салтын сақтау, тілдерді үйрету клубтары ашылды.

Орталықта зейнеткерлер мен ардагерлер жаттығу жасап, йогамен айналыспақ.

- Қазіргі таңда бұлшық етті дамытуға арналған спорттың жаңа түрі - скандинавиялық жүріс туралы көп айтылады, - дейді Сейсембай Жетпісбаев.

-Осы  жүріс түрімен  айналысуды қолға алмақпыз. Денсаулыққа пайдасы зор.  Біздің  орталық егде жастағы және зейнеткерлердің денсаулығын нығайтуға бағытталған. Кез келген қала тұрғыны келіп қатыса алады. Дәрігерлер, спорт шеберлері көмек көрсетеді.

Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасымен жасалған келісім негізінде аптаның әр бейсенбі күні «Шымыр» бассейнінде тегін жүзуге барады. Денсаулығына қатысты дәрігердің анықтамасын алу керек.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы