12 Шілде, 2012

Отандық кардиохирургияның озық жетістігі

615 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Отандық кардиохирургияның озық жетістігі

Бейсенбі, 12 шілде 2012 7:34

Жүрек-қан тамырлары ауруларыныңэпидемиясы ХХ ғасырдың екіншіжартысынан бастап бүкіл әлемді шарпығанырасЖаңа ғасыр басталғанда да жағдайдыңөзгере қоймағанын нақтылайтын фактілержетерлікАтеросклероз және артериалдыгипертония диагнозы қойылған жүректіңишемиялық ауруымидағы қан айналымныңбұзылуы бүкіл әлемдегі өлімнің басты себебідесекбұл кесел біздің елімізді де орапөткен жоқСондықтан бұл мәселеге өтебайыпты қараған Елбасымыз 2007 жылыелімізде кардиохирургияны дамыту бойыншамемлекеттік бағдарлама қабылдануынаұйытқы болдыОл бағдарламаның негізгімақсаты – жүрек-қан тамырларыауруларынан болатын өлім-жітімді азайту едіӨзінің кезекті сұхбатыныңбірінде Нұрсұлтан Әбішұлының былай дегені есте: «Мен 2005 жылыжүрек-қан тамырлары ауруларының мәселесін шешу үшін Үкіметкеміндеттер жүктедімСол кезде Қазақстан бойынша жүрекке жылына 900-гежуық оталар жасала бастады».

 

Бейсенбі, 12 шілде 2012 7:34

Жүрек-қан тамырлары ауруларыныңэпидемиясы ХХ ғасырдың екіншіжартысынан бастап бүкіл әлемді шарпығанырасЖаңа ғасыр басталғанда да жағдайдыңөзгере қоймағанын нақтылайтын фактілержетерлікАтеросклероз және артериалдыгипертония диагнозы қойылған жүректіңишемиялық ауруымидағы қан айналымныңбұзылуы бүкіл әлемдегі өлімнің басты себебідесекбұл кесел біздің елімізді де орапөткен жоқСондықтан бұл мәселеге өтебайыпты қараған Елбасымыз 2007 жылыелімізде кардиохирургияны дамыту бойыншамемлекеттік бағдарлама қабылдануынаұйытқы болдыОл бағдарламаның негізгімақсаты – жүрек-қан тамырларыауруларынан болатын өлім-жітімді азайту едіӨзінің кезекті сұхбатыныңбірінде Нұрсұлтан Әбішұлының былай дегені есте: «Мен 2005 жылыжүрек-қан тамырлары ауруларының мәселесін шешу үшін Үкіметкеміндеттер жүктедімСол кезде Қазақстан бойынша жүрекке жылына 900-гежуық оталар жасала бастады».

Әрине, бұл кардиохирургияны дамытудың басы ғана еді. Қазіргі таңда елордадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының өзін­де бір жылда жасалған оталар жоғарыдағы айтылған саннан әл­денеше есе көп. Орталық өткен жыл­дың қазан айында жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Ресми түрде айтатын болсақ, 180 төсек-орынға арналған «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орта­лы­ғы» акционерлік қоғамы Прези­дентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық медици­налық холдинг құрамына кіреді.

Орталықтың негізгі қызметі инновациялық медициналық технологияларды пайдаланып, жоға­ры мамандандырылған кардио­логиялық, кардиохирургиялық кө­мек көрсету, сонымен қатар, амбу­латорлық тексерістен кешенді оңалту көмегіне дейінгі аралықта науқастарға шипа беру, кардиология, кардиохирургия және интер­венциялық кардиология аясында ғылым-білім әрекетін жүзеге асыру болып табылады.

Орталық дәрігерлерінің әрқай­сысы жеткілікті жұмыс тәжіри­бесі мен кәсіби даярлықтың жо­ғары деңгейіне ие мамандар. Олар АҚШ, Германия, Израиль, Түр­кия, Литва, Ресей және Бело­руссияның жетекші клиникаларында оқыған.

Біздегі орта медициналық персонал – көп жылғы еңбек өтілі­мен, кардиохирургиялық саладағы пациенттермен жұмыс істеу дағ­дысы мен тәжірибесіне ие жоғары білікті мамандар болып табылады.

Бір жылға жуық уақыттың ішінде орталығымызда мыңдаған науқастарға көмек көрсетілді, соның төрт жарым мыңға жуығы ересектер болса, бір жарым мыңы балалар. 2000-ға жуық науқастың жүрегіне ашық оталар жасалды, соның 500-і балалар мен нәрес­телер.

Орталық ашылған күннен бас­тап жүрек-қан тамырларында патологиясы бар науқастарды ем­деу­де инновациялық медициналық технологиялар белсенді түрде қол­данып келеді. Өткен жылдың қарашасында алғаш рет ауыр созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар (СЖЖ) науқастарды емдеуде бірегей жоғары технологиялық кар­диохирургиялық отаның түрі енгізілді. Ол – сол жақ жүрек қа­рыншасына механикалық қолдау қондырғысын имплантациялау деп аталады. Яғни, қарапайым тілмен айтар болсақ, еліміз медицинасында алғаш рет әлгі механикалық зат арқылы жүрекке қан айдау тәсілі мүмкін болып отыр. Бұл инновациялық техно­логияның мүмкіндігін бүгінгі күнде жүрек трансплантация­сы­ның жалғыз баламасы әрі созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеудің бір ғана амалы деуге болады. Орта­лығымыз өткен жылдың желтоқ­санында соңғы үлгідегі Heart Ware Ventricle Assist Device (VAD) қондырғыларын имплантациялады. Осы арқылы жүрекке ашық түрде бірегей жоғары техноло­гиялық оталар жасайтын әлемнің 22 жетекші елінің қатарына кірді. Атап айтар болсақ Австрия, Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Израиль, т.б мемлекеттер жүрекке қондырғыларды имплантациялайтын жетекші елдер саналады. Осы уақытқа дейін аталмыш елдер жасаған оталар саны шамамен 1500-дей екен. Тағы бір айта кетер жәйт – имплантацияланатын қондырғының салмағы 1620 гр. Аппарат жү­рек­тің сол жақ және оң жақ қарын­шасына да қондырыла береді.

Жалпы осы уақытқа дейін орталығымызда жүректің қосалқы қан айналымы қондырғысының 20 түрі имплантацияланды. Ал, жылына орташа есеппен 40 аппаратты имплантациялауды жоспарлап отырмыз.

Мұнымен қоса, орталығы­мызда ROC Safe жүйесін қолдану арқылы кардиохирургиялық оталарды жүргізу технологиясы енгізілді. Бұл пациент үшін жаңа, тиімді және қауіпсіз технология саналады. Осы жүйені қолдана отырып ота жасалғанда уақытша жасанды вентиляция қысқарты­лып, отадан кейінгі қанның азаюы (мерцат аритмиясы және қан кету)салдарынан ота кезінде және одан кейінгі уақытта қан құюға нау­қастардың қажеттілігі төмендейді.

Аортокоронарлық шунттеу және жүрек клапандарын протездеу барысында жүрек ырғағының бұзылуы бар пациенттерді емдеуде Cardioblate жүйесінің интра­операциондық радиожиілікті аб­ла­циясы – инновациялық технологияларымен оталар жасала бастады. Бұдан басқа, эндоваску­ляр­лық хирургтармен бірлесе отыра, пациенттерге қиын гибридті оталар жасалуда.

Орталығымыздағы тағы бір жетістік – жүрекке ашық операция жасау барысында Экстракорпоральды мембранды оксигенация әдісі енгізілді. Ұғынықты тілмен жеткізер болсақ, дем алысы әлсіз жандарға ота жасау барысында қанына оттегі толтырамыз. Бұл егу арқылы іске асады. Бұл әдіс өткен ғасырдың орта шенінде пайда болғанымен, еліміз енді ғана жетістігін көруде. Сондай-ақ, интервенциялық кардиология дәрі­герлерінің бастамасымен туа біткен жүрек ақауы (ТЖА) бар науқастардың жүрек қарынша­сын­дағы «көпірдің» ақауын тран­с­­катетер арқылы жабуға арналған технология енгізілді.

Қазақстанда алғаш рет бір жас­қа дейінгі балаларға, туабітті жүрек ақауы бар сәбилерге, сонымен қатар, бір ғана қарыншасы бар жүректерге жоғары техноло­гиялық, көпсатылы кардиохирур­гиялық операциялар жасалып келеді.

Болашақта жүрегінде ақау бар науқастарға жүрек трансплантациясы бойынша оталар, жүрек клапанында ақауы бар науқас­тарға аорталды клапанды тері арқылы протездеу, артериалды гипертензия терапиясына интервен­циялық емдеу, жүректе аз инва­зивті эндоскопиялық оталар, аритмиясы бар балаларға жоғары ма­ман­дандырылған көмек көрсету аз инвазивті эндоваскулярлы араласулар жоспарлануда.

Орталықтың негізгі міндет­терінің бірі – маңызды халық­аралық ғылыми зерттеу жобаларына қатыса алатын медициналық ғылым мен практиканың интеграциясы болып табылады. Орталық­тың ашылуына дейін, яғни, 2011 жылдың сәуірінен бастап жүрек ырғағының бұзылуы, кенеттен жүрек тоқтап қалудың генети­калық үрдістері туралы ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс басталды. Осы жобаның жүзеге асырылуы кенеттен жүрек өлімінің жоғары қаупі мен мерцат аритмиясы бар тұлға­лардың жүрек ырғағы бұзылуы­ның даму механизмі мен себеп­терін анықтауға мүмкіндік береді және диагностикасының жаңа әдістерін әзірлеуге көмектеседі.

Бізде жаңа технологияларды енгізу мен біліктілікті арттыру мақсатында орталық маманда­ры­ның үздіксіз оқытылуы жүзеге асырылады және әлемнің АҚШ, Германия, Нидерландия, Литва, Чехия, Словакия сынды жетекші елдері мамандарының тартылуымен шеберлік сыныптары жүр­гізіледі.

Республиканың жергілікті кар­диологиялық және кардиохирур­гиялық орталықтарына ұйымдас­тырушы-әдістемелік, практи­ка­лық, және консультативтік көмек көрсету аясында, сонымен қатар, мекемемізге науқастарды іріктеу мақсатында еліміздің барлық ай­мақтарына кардиологтар, кардиохирургтар мен аритмологтардың сапарға шығуы да дәстүрге айналды.

Юрий Пя,

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

 

Әкім дәрігерлерге көлік сыйлады

Облыста денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен  «Маман­дығы бойынша үздік» кәсіби байқауын өткізу дәстүрге айналды. Биыл бұл байқау 5 түрлі аталымға арналды. Сөйтіп, байқау қорытын­дысы бойынша  облыс орталы­ғындағы қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігер хирургі Әлімжан Мұхамбетов «Үздік дәрігер» деп танылса,  № 2 қалалық ауру­ханасының медбикесі  Лариса Руль «Үздік медбике» атанды. Сонымен қатар,  «Алтын скальпель», «Алтын фонендоскоп», «Өмір сыйлайтын қолдар» аталымдары бойынша үздік деп танылған  3 дәрігерге облыс әкімі Ерлан Арын  жеңіл автокөліктердің кілт­терін тапсырды.

Мұндай құрметке қалалық №1 ауруханасы тамырлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Жүсіпов,  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алла Волкова, облыстық перинаталдық орталығы  бас дәрі­герінің орынбасары Гүлнар Буратаева бөленді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен  Қазақстан».

Павлодар.

 

Имплантация –   озық әдістердің бірі

Біздің бөлімше №2-ші кар­диохирургия бөлім­шесі деп аталады. 22 тө­сек-орынға лайық­тал­ған.  6 ма­ман ең­бек етеді. Орталық ашыл­ғалы бері бөлімшемізде 200-ден ас­там ота жасалды. Осы жыл­ға жоспарланғаны 300 ота. Сол жақ жүрек қарын­шасына механи­ка­лық қол­дау қондырғы­сын имплантациялау ар­қылы созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ) бар науқастардың жиырмасына ота жасадық. Нә­ти­жесі жаман емес екенін толық сеніммен айта аламыз.

Әрине бұл отаны бастап  жасау үшін, соның әдісін орталыққа енгізу үшін ор­талық дәрігерлеріне көп тер төгуге тура келді. Өйткені, бұл кем дегенде 15 адам бі­рігіп жасайтын үлкен ко­ман­далық жұмыс. Хирург, кардиохирург, инженер, анес­­­тезио­лог, медбикелер қаты­сатын бұл отаның ерек­шелігі – елі­міз медицинасында  алғаш рет  механи­калық зат арқылы жүрекке қан айдау тәсілі мүм­­кін болып отыр. Дәрі­гер­ле­ріміз со­зылмалы жүрек же­тіс­­пеушілігіне байланысты оқу бағдарламасы бойынша Виль­нюс (Литва), Фрайбург (Германия), сондай-ақ, Фран­­ция, Швейцария, АҚШ-тың же­текші клиникаларында оқып қайтты.

Әлемдік статистика бойынша орта есеппен жылына миллион адамның мыңына кардиохирургиялық оталар жасалады екен. Біздің елі­мізде 16 миллион адам бар десек, жылына 16 мың адамға кардиохирургиялық араласушылық қажет екені түсінікті. Әрине нақты көр­сеткіш бұдан жоғары да, немесе сәл төмен де болуы ғажап емес. Бастысы, жү­регіне ота жасалуы тиіс адам­дар саны елімізде мың­дап саналатыны – бұл шындық. Енді соның ішінде созылмалы жүрек жетіспеу­шілігі бар науқастарға жылына жүз шақты ота жасалу қажет екен. Біздің орталық­та жылына соның 50-не ота жасауға мүмкіндік туып отыр. Бұрын ондай науқас­тардың көпшілігі өмірмен қош айтысатын. Аздаған бөлігі ғана өз қаражатта­ры­на не демеушілікпен шет мемлекеттерде емделетін. Ал енді шетелде созылмалы жүрек жетіспеушілігіне ота жасаудың бағасы, мысалы АҚШ-та 300 мың доллардан басталады. Біздің үкіметіміз отаның құнын өз мойнына алып отыр. Бұл да болса қарапайым халыққа жасалып жатқан жақсылықтар­дың үлкені деп түсінеміз.

Серік БЕКБОСЫНОВ,

№2-ші кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі.

 

Орталық  ашылды

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасында  қан айналысының қиындауынан болатын аурулар мен өлім-жітім көрсеткішін азайту көзделген. Осы бағдарламаны іске асыру мақсаты­мен Атырау облыстық ауруханасында жүрек-қан тамыры ауруларын емдеудің жаңа технологияларына негізделген  инсульт орталы­ғы ашылды.  Қазір 30 кереуеттік орынға арнал­ған орталық ең озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Мұнда еңбек ететін дәрігерлердің кәсіби даярлығы да ұдайы назарда.

– Орталықты ашудағы басты мақсат –инсультқа шалдыққан науқастарға білікті медициналық   көмек көрсету. Өйткені, инсульт алған науқастар ұдайы дәрігерлердің бақылауында болғаны жөн. Сондық­тан мұндай орталық біздің өңір үшін де ауадай қажет. Енді осы орталықтың ашылуымен жүрек талмасы ауруымен ауыратындардың дәрігерлер бақы­лауында болу мерзімі ұзарады. Дәрігерлердің жолдамасымен осында компьютерлендірілген кешенді тексеруден өтуге келеді, –дейді орталық директорының міндетін атқарушы Нұржан Антазиев.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

 

Аспандағы «Жедел жәрдем»

Жыл өткен сайын елімізде  озық емдеу-диагно­сти­калық кешендер мен ең жаңа бағыттар  бойынша  орта­лықтар пайда болып, халықтың денсаулығын жақсар­туға қызмет етіп келеді.  Солардың бірі Елбасының тікелей қолдауымен  құрылған медициналық пойыздар мен автокөлік, медициналық  авиация жүйелері  болып табылады. Бұлар  медициналық көмектің қолжетім­ділі­гін кеңейтіп,  ауылдықтар үшін  өте тиімді салаға айнал­ған. Біз облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, өңірдегі  жедел жәрдем және санитарлық авиация жұмыс­тарын үйлестіруші  Олег  ЗАВЬЯЛОВҚА жолығып, жер­гі­лікті жерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып беруін  сұраған едік.

– Төтенше медициналық жәр­дем қызметі көп салалы. Жердегі жедел жәрдем мен аспандағы медициналық ав­иация соның бір түріне  жатады. Бірі жер үстінде, екін­шісі әуе арқылы  атқарылса да, тығыз сабақтас, бір-бірі­нен бөле-жара қарауға болмайды. Екеуінің де негізгі қыз­меті  шұ­ғыл, жедел меди­циналық қызмет­тер атқару­ды  көздей­тін­діктен, науқас­тық асқыну­ларға, ана мен ба­лаға бірінші кезекте жәр­дем көрсету міндеттері қой­ыл­ған­дықтан, кәсіптік шебе­рлік, жіті қимыл, жан-жақ­ты әзірлік алдымен талап еті­леді. Біз өз тарапымыздан  же­дел жәрдем мен  ме­дици­на­лық авиация мұқ­таж­дық­тарын шешудің жолдарын пәрменді түрде қарас­тырып келеміз.

– Олег Владимирович, кеңес кезінде де санавиа­ция­ның болғаны  белгілі. Оның бүгінгіден айырма­шы­лығы қандай?

– Иә, ол кездері де жұрт­шылық санавиация қызме­тіне жүгінген. Өзіміз   «АН-2» ұшақ­тарымен  талай рет ұшып, ауыл тұрғындарына қол ұшын бергенбіз. 90 жыл­дардағы экономи­ка­лық то­қыраулар салдарынан  қалып­тасқан жақсы дәстүр­лері­мізден көз жазыңқырап қал­ғанымыз рас. Қазір осы олқылықтың орны толып, жағдай әлдеқайда түзелді. Салыстырып қарайтын бол­сақ, айырмашылық бірден көзге шалынады. Мәселен, мате­риал­дық-техникалық жа­ғынан жабдықталу көш ілгері. Осы заманғы медици­налық қон­дыр­ғылар мен құрал- жабдық­тар да, білікті дәрігерлер де жеткілікті. Ұшақтармен қатар тікұшақ­тар қызметі де пайдаланылады. «Медициналық авиация» атауының өзі көп нәрсені аңғартып тұр.

– Жұмыс істеу тәсілі қалай ұйымдастырылады?

– Бұрындары  санавиация «Жедел жәрдем  орталығы жанында жұмыс істеп келсе,  2010 жылы біздің қарамағы­мызға көшті.  Бұған қоса  замануи қондырғылар орна­тыл­ған 4  шетелдік реанимобиль де жедел жәрдем қыз­метін көрсетеді. Осы жылы 150-ге тарта науқасқа шұғыл көмек көрсетілді.  Олардың 19-ы жүкті әйелдер, 49-ы  ба­лалар.  Былтыр 200-ге жуық шақырту тіркелді.   Олардың арасында  жүрек аурулары,  жаңа туған сәби­лер мен ауыр босанған ана­ларға қатысты шақырулар көп кездеседі. Сол себепті, кардиохирургтер, акушерлер, педиатрлар мазасыз  ісса­пар­ларға жиі шығады.  Жұмы­сымыз Астанада орна­ласқан республикалық сани­тар­лық ав­иацияның  орта­лығымен ты­ғыз   үйлескен. Осы мекеме ар­қылы санавиация  қызме­тіне жүгініп, түк­пірдегі аудандар мен елді мекен тұрғын­дарына жедел көмек көрсету шараларын  атқарып келеміз.

– Дәрігердің кәсіби бі­лік­тілігі мен шеберлігі сын­ға түсер кезде оқыс оқиғалар мен «әттеген-айлар» кездес­пей қоймай­тын шығар?

– Өмір болған соң не­ше түрлі жағдайлар килігіп жатады. Бірде облыстық ауру­ханаға  алыстағы ауданнан жас босанған ана жеткізілді. Жағдайы тым ауыр болған­дықтан, Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орта­лы­ғынан білікті мамандар ша­қыр­туға тура келді. Олар жеткенше жергілікті дәрігер­лер  адам өмірін сақтап қалу­дың барлық мүмкіндіктерін жасап бақты. Орталықтың дәрігер­лері  дер кезінде жетіп, бәрі сәтті аяқталды. Үш апталық нәрестенің өмірін аман алып қалу мақсатымен Алматыдан тәжірибелі медицина мамандары алдырылды.  Санавиация арқылы шақыр­тылған дә­рігер мамандары қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруы  асқы­нып кеткен науқас­тың бетін бері қарату үшін бірнеше сағат бойы күрес­ке­ніне өзім куәмін. Айта берсе, мұндай мысалдар толып жатыр.

Былтыр 800-ге жуық нау­қас санавиация мен жедел жәрдемнің  көмектерін алды. Оның ішінде 258-не ота жасалып, 194-і ауруханаларға жат­қызылды. Анестезиологтар – 152 рет, хирургтер – 81 рет, гинекологтар – 62 рет ша­қырту алды. Осы деректің өзі   талай отбасыларға қуаныш бақытын, адамдарға өмір сый­лаған дәрі­гер­леріміздің тынымсыз еңбе­гін әйгілеп тұр­ған жоқ па?

Биыл дәрігерлеріміз ауыл-селоларға шақыртулармен барып, 53 ота жасады. Оның ішін­де медициналық авиация көмегі 16 рет жүзеге асырылды. Алдағы уақытта да шұғыл ме­ди­циналық қызмет жүйесін тиімді пайдалана беретін боламыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан:  Өмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан  облысы.

Бетті дайындаған Айгүл Сейілова, «Егемен Қазақстан».