Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда  кәсіпорындар паркі құрылады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қытайлық инвесторлармен кездесіп, бірлескен жобаларды  жүзеге асырудың мүмкіндіктерін талқылады.

Солтүстік Қазақстанда  кәсіпорындар паркі құрылады

Аспан асты елінің қаржыгерлері өңірде «Бірлескен өнеркәсіп кәсіпорындары паркін» құрмақ ниетте. Бұл орайда бірнеше бағытта жұмыс істеуді белгілеп отыр.Атап айтқанда, машина жасау, оның ішінде жүк көліктерін құрастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қан зауытының құрылысы, майлы дақылдар және бидайды терең өңдеу бойынша кәсіпорындар ашу бар. Сондай-ақ кабель және трансформатор зауыттарын салмақ. 5 жыл ішінде жалпы инвестиция көлемі 10 миллиард долларды құрамақ.

«Жыл бойы бірлескен келіссөздер жүргіздік.  Біздің делегация Қытайда болып келді. Барлық мүмкіндіктер жан-жақты сараланды. Озық  жобаларды  жүзеге асыруға дайынбыз», деді Қ. Ақсақалов.

Азия даму іскерлік компаниясының бас директоры Сю Ли Рэн стратегиялық әріптестік аясында оң нәтижелерге қол жететінін сенім білдірді. Ол аймақ басшысын Қытайда өтетін «Бір белдеу, бір жол» форумына шақырды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы