Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Алдар көсенің ұрпағы Шымкентте ұсталды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының прокуратурасында алаяқтықпен күрес мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Оған 17 облыстық мемлекеттік органдардың және ұялы байланыс операторларының (Kcell, Beeline, Tele2) басшылары қатысты.

Алдар көсенің ұрпағы Шымкентте ұсталды

Жиында мәлім болғандай, биылғы жылдың басынан бері өңірде алаяқтық фактілері қатты артқан екен. Бір азамат 60-тан астам азаматты жұмысқа орналастыруға уәде беріп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін ақша алған.

«Жалпы келтірілген залал алты млн теңгені құрайды. Ол елден кетуге әрекет ету барысында Шымкент қаласының әуежайында ұсталды», - делінген прокуратура мәліметінде.

Ведомствоаралық отырыс барысында қазіргі заманғы технологиялар, атап айтқанда, ұялы телефондар мен интернет арқылы жасалатын қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқылады.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы