Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

«3.2.1. Старт!» эко-жобалар байқауының жартылай финалына 7 жоба шықты

1465 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері Республикалық «3.2.1. Старт!» эко-жобалар байқауы жартылай мәреге жақындады.

«3.2.1. Старт!» эко-жобалар байқауының жартылай финалына 7 жоба шықты

Аталмыш байқауға еліміздегі қоршаған ортаны жақсарту бойыша 143 идея келіп түсті. Жас қазақстандықтар ағынды суларды тазарту құралдарының әзірлемелерін, қайта өңделген пластик пен полиэтилен пакеттерден әр түрлі бұйым өндіруді, қоқысты сұрыптауды, биосөмкелерді, жасыл технологияларды, эко-кейтеринг пен басқа да соны идеяларды ұсынып отыр.

Байқаудың жартылай финалында он жобаның авторы идеяларын таныстырды. Экология саласындағы сарапшылар құрамындағы қазылар алқасы 7 үздік әзірлемені таңдады. 15 наурызда Астанада олар 3 млн теңгені құрайтын грант үшін күресетін болады.

Павлодарлық студент Ұлжан Байбекова ескі баннерлерден сөмке өндіруді ретке келтіргісі келеді. Бойжеткеннің айтуынша, ол достарымен бірге бірнеше ұйыммен келісіп, олардан қажетсіз банерлерін алатын болады. Бұл материалдың ыдырауына мың жыл қажет. Жанған кезде өте зиянды газ бөледі.

«Мен математик мамандығын игерудемін. Бірақ, мені және менің достарымды экология тақырыбы алаңдатады. Өткен жылдың күзінде Startup Weekend қатысқан кезімізде 300 мың теңге грантқа ие болдық. Бұл ақша жобамызға дизайнер мен кәсіби тігінші шақыруға мүмкіндік берді. Баннерлерден сөмке ғана емес, қаламсауыттар, косметикаға арналған сауыттар, клатчтар, шабадандарға арналған қаптар тігуге болады. Мұндай өнім шетелде, мысалы, Америкада және тіпті көршілес Ресейде үлкен сұранысқа ие. Бұл елдерде осындай дизайнерлік заттардың құны жоғары. Бүгінде бүкіл әлемде адамдардың қоршаған ортаға көзқарасы өзгерді. Сондықтан көпшілік экологиялық материалдарды таңдайды. Баннерлер өте мықты, бірақ аязға төзімсіз», – дейді Ұлжан Байбекова.  

«Достарымызбен бірге пластикалық бөтелкелерден отырғыш өндіруді бастадық. Бірнеше мейрамханамен келістік: біз олардың қоқысын шығарамыз, ал олар бөтелкелерін жеке жинайтын болады. Бөтелкелерді құрастырып, қаңқасын құраймыз да матамен қаптаймыз. Енді біздің өнім беріктігі жағынан дүкен өнімінен кем түспейді, әрі бұл ретте өте ыңғайлы болып табылады, дейді «3.2.1. Старт!» байқауына өз жобасымен қосылған қарағандылық интерн хирург Тимур Коробейников.

Байқауды ұйымдастырушылардың бірі Алима Исембаеваның айтуынша, байқауға қатысуға ниет білдіргендердің көп болуы қазақстандық жастардың өте белсенді және экология проблемалары жайлы ойланатындарын білдіреді.

«Әдетте жастарда идеялары да жігер де көп. Алайда, оларды іске асыру үшін қаражаты мен тәжірибесі жеткіліксіз болады. «3.2.1. Старт!» байқауы қатысушыларға армандарын жүзеге асыруға көмектесуге арналған. «3.2.1. Старт!» байқауында жартылай финалға барлық қатысушылар жобаларды құру және ілгері жылдыту бойынша екі күндік тегін оқытудан өтеді. Бізде грантты ұтып алмаса да, білім алып, өз ісін бастап кеткен өткен жылдардың қатысушылары бар», – дейді Алима Исембаева.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32