Аймақтар • 25 Ақпан, 2019

Түркістанда газ кіргізу бағасы 80 000 теңгеге төмендеді

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан Түркістан қаласында табиғи газды тұрғын үйге кіргізу құны төмендеді. Яғни табиғи газды жеке тұрғын үйге кіргізу бағасы бұрын 106 000 теңге болса, енді - 85 000 теңге.

Түркістанда газ кіргізу бағасы 80 000 теңгеге төмендеді

Сондай-ақ бұл соманы бөліп төлеу жолдары қарастырылған. «Түркістан қаласын газдандыру ісі бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Көгілдір отынды үйге дейін кіргізу жұмыстарын 80 мың теңгеге дейін төмендеттік. Ал, 6 мың теңге газ өшіп қалғанда тұрғындар газға тұншығып қалмас үшін, ауаны тазартатын құралдың бағасы. Оның 1000 теңгесі газ құбырын жүргізуші мердігер мекеменің есебінен төленіп отыр. Үйге дейін газ кіргізудің жалпы сомасы 85 мың теңге болып бекітілді. Сондай-ақ, тұрғындардың 85 мың теңгені үш бөліп төлеуге де мүмкіндігі бар. Бірінші кезеңде құжаттамалар жасау үшін 30 мың теңге төлейді. Құжаттамалар толығымен аяқталғаннан соң газ құбырының ішкі құрылыстары жүргізілетін тұста 30 мың теңге төлейді. Құрылыс жұмыстар толығымен тәмамдалып, газды қосатын кезде қалған 25 мың теңгесімен есептесетін болады», – деді қала тұрғындарымен кездесуде «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов.

Биыл Түркістан қаласы тұрғындарының 60 пайызға жуығы, ал 2020 жылы толығымен табиғи газбен қамтылмақ.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы