Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Алматы облысында 700 жасөспірім полиция есебінде тұрады

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында жеті жүзден астам бала жасөспірімдер ісі жөніндегі полицияның есебіне алынған. Ал жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 20 қылмыстық іс тіркелген екен.

Алматы облысында 700 жасөспірім полиция есебінде тұрады

Облыстық ювеналды полицияның басшысы, полиция майоры Дәулет Смақовтың айтуынша, балалар арасындағы құқық бұзу деректері негізінен қолайсыз отбасынан шыққан жасөсіпірімдерге тән болып отыр. Қазір арнайы полиция аймақтағы 800 отбасының бала тәрбиесіне көңіл бөлме   йтін, ішкілік пен нашақорлыққа әуес немесе басқа да жат қылықтарға жақын екенін анықтап, есепке алыпты.

- Біздің полицейлер жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты семинар, кеңестерді жиі өткізеді. Бұл балаларды жат әдеттен сақтандыруға көмектеседі. Әдетте білім басқармасымен бірге өткізілген іс-шараға денсаулық сақтау және білім беру саласының, ата-аналар комитетінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстырамыз, - дейді полиция майоры Дәулет Смақов.

Айтпақшы, жыл басынан бері облыс аумағында ойын клубтары мен компьютер орталықтарынан шықпайтын балалардың да қатары өсіпті. Тіпті, түнгі көңіл көтеру орындарына да жиі бас сұғатын жасөспірімдер бар екен. Полицейлер «Профилактика» жедел алдын алу іс-шарасы барысында осындай 155 баланы анықтапты.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы