– Жұмысқа кіріскенімізге 10 күндей ғана болды, процесс енді басталды. «Цеснабанк» қалыптасқан тарихы бар банк, бұл жерде жұмыс істейтін команда мүшелері – кәсіби мықты мамандар. Банк ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласымен, шағын және орта бизнеспен, жеке тұлғалармен жұмыс істеп келді. Біз осы істі одан әрі жалғастыруға ниеттіміз, – деді Ш.Катсу.
Банк басшысының айтуынша, цифрландыру мен e-banking қазір алға қойып отырған ең басты міндеттердің бірі.
– Әрине біз коммерциялық тұрғыда табысқа жетуді көздейміз. Дей тұрғанмен, «Цеснабанк» қоғам үшін де пайдалы болуы керек. Білім беру саласындағы байланыстарымызды ескере отырып, банктің осы саланы дамытуға да үлес қосқанын қалаймыз. Бәлкім университеттерге, мектептер мен жеке тұлғаларға қаржылай қолдау ұсынатын боламыз,– деді ол.
«Цеснабанк» еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі екенін айта кетейік. Ақпан айында банк акцияларының бақылау пакетін «First Heartland Sekurities» АҚ сатып алды.
Арнұр АСҚАР,
«Egemen Qazaqstan»