Әлем • 26 Ақпан, 2019

Криптовалюталар қымбаттайтын кезең

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін бит­­коин­нің бағамы біршама көте­ріледі. IBM блокчейн және ци­фр­лы валюталар жөніндегі вице-президенті Джесси Ланд осындай болжам жасады.

Криптовалюталар қымбаттайтын кезең

 – 2020 жылға дейін бит­коин­­­нің бағасы 5 000 АҚШ дол­­ла­рына көтерілуге тиіс. Одан кейін де қымбаттай бере­ді, – дейді ол. 

Reddit әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Алексис Оганян­ да крип­то­валюталардың құ­ны арта беретінін айтты.­ Yahoo Finance-ке берген сұх­батында ол:

– Криптовалюта нарығын­дағы біраз уақытқа созылған құлдыраудың пайдалы жағы да бар. Бұл индустрияның алыпсатарлардан тазарып, нағыз криптоэнтузиастарға орын­ның көбеюіне әсер етті. Дау­рығу ба­­сылып, криптовалюта ин­фра­­құрылымына тиімді сапалы жобаларға жол ашылды. Биткоиннің да, сатошидің де қымбаттайтын уақыты келген сияқты, – дейді А.Оганян. 

Қазіргі таңда 1 биткоин – 3 788,21 АҚШ долларына немесе 1 423 173 теңгеге тең екенін айта кетейік. 

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»