Мәселен, Тараз қаласындағы талай жылдан бері қараусыз қалған «Жеңіс» саябағына даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші орнатылып, саябақ іші әсем күйге енді. Қайрат Рысқұлбеков саябағы, «Үшбұлақ» демалыс орыны халық игілігіне берілді.
Тараз қаласының Ыбырайым Сүлейменов көшесінің бойындағы аллея да Жастар жылына орай «Жастар аллеясы» деп аталатын болды. Бұл да өңірдегі жастар үшін жасалып отырған игі жұмыс. Өткен жылы өңірде өндіріс саласының да біршама дамығанын айтуға болады. Яғни, өндіріс көлемі 238,5 миллиард теңгеге артты. Өңірде 32 548 орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Олардың инвестиция тарту көлемі бойынша да көрсеткіші артып отыр. Тараз қаласының өзіне 69,2 миллиард теңге инвестиция тартылуы өткен жылы өңірде тұрғын үй салу үшін 43,7 миллиард теңге жұмсалды. Тараз қаласында 243,7 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Мемлекеттің қолдауымен салынған үйлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғындарға берілуде.
Бірқатар білім беру ошақтары салынып, кейбірі қайта жөндеуден өткенін де айта кету керек. Мәселен, «Шөлдала» аймағында 900 орындық, «Бәйтерек» шағын ауданында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Өңірде туризм саласын дамытуға да айрықша көңіл бөлінуде. «Шахристан», «Ақыртас» кешендеріне тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жуалы ауданындағы «Қаралма» кешені болашақта өңір туризмін дамытуға серпін берері сөзсіз.
Серікбол БЕРІКҚОЖА,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты
Жамбыл облысы