- Бүгінде мемлекеттік қызметшілер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының алдында өз жұмыс стилін қайта қарастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты жою міндеті тұр. Осыған орай, облыстағы білім мекемелеріне арнайы мониторинг жасадық. Нәтижесінде 740 мектеп диекторлары кабинетін зерделеді. Жалпы облыс бойынша аудан, қалалардағы мектеп директорларының кабинеттерінен жалпы көлемі 1500 шаршы метр нормадан асып тұр. Артық көлемді 174 мектеп директорының кабинеті кездесті, - деді Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков.
Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті өз тарапынан жоғарыдағы мектеп басшыларына регламентке сәйкес жұмыс кабинетіне орналасуды және сонымен қатар, басшының азаматтарға қол жетімділігін арттыруды және мектептегі қарбалас кезінде жағдайды бақылауға мүмкіндік беретіндігін ескеріп, мектеп директорларына мектептің бірінші қабаттарында орналасуды ұсынуда.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы