Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Жарылысқа тосқауыл қойды

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімі хабарлағандай, Майқайың кентіндегі жеке­меншік үйде өрт шықты.

Жарылысқа тосқауыл қойды

Оқиға орнына дереу 4 өрт сөндірушісі бар бір бөлімше жіберіледі. Үй иесі сол жерде болған және үйде газ баллондары бар екенін ескертеді. Өрттің шығуына газ баллонын ауыстыру кезінде қоспаның тұтануы себеп болған. Сондықтан жедел басқару орталығына жарылыс қаупі мүмкін екендігі хабарланады. Бір сәттік қана мүм­кіндік. Осы сәтте өрт сөн­дірушілер кіші сержант А.Ко­локольников және қатардағы жауынгер Д.Макаров үйден сыйымдылығы 27 литрлік 6 баллон мен 50 литрлік 1 газ бал­­лонын сыртқа шыға­рып үлгереді. Өрт сөндіру­ші­ле­­рінің батылдығы мен бір­лескен жұмыс барысында өрт сөндірілді. Жарылысқа тос­қауыл қойылды. Көрші үй­лерге және шаруашылық құры­лыстарға тарауының алдын алды.

Департаменттің өрт қауіп­сіз­дігін бақылау бөлімінің хабарынша, бұл күндері өңір­дегі қалалар, ауылдарда, аудан орталықтарында өрт қаупінен сақтануға бағытталған профи­лактикалық іс-шаралар жал­ғасуда. Облыс бойынша рейд­терге барлығы 244 адам қа­тысты. Үй-үйді аралап шы­ғумен пешпен жылытатын жеке тұр­ғын үй секторының 3938-ден астам отбасы қам­тыл­ды. Рейд барысында өңір тұр­ғын­дарымен кездесіп, пешті дұрыс пайдалану және тұн­шықтырғыш газбен ула­ну­дан қалай сақтану керектігі жө­нінде ескертеді. Сондай-ақ тұр­мысы төмен және көп балалы отбасылардың үйлеріне арнайы белгі бергіш құрылғы датчиктер орнатуда. 

Өрт қауіпсіздігін бақылау бө­­­лімінің ұжымы Майқайың кен­­­тіндегі өрт сөндіру кезін­де кіші сержант Артем Коло­коль­ников пен Дмитрий Мака­ров бө­лім­шенің қоғамдық өмі­ріне, сондай-ақ гарнизонда өткізілетін барлық спорт­тық іс-ша­­раларға белсенді қаты­саты­нын айтады. 

Жуырда орын алған өрт оқи­ғасында батылдық көр­сеткен бей­біт күннің батырлары – өрт сөн­дірушілер марапат­талды. 

Фарида БЫҚАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Павлодар облысы