Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Атасының балалары

360 реткөрсетілді

Бүгінде айналамызда орын алып жатқан түрлі оқиғалар адамның ойын сан-саққа жүгіртпей қоймайды. Қапияда көз жұмған бала, тәрбиеге көнбеген бала, бүкіл өміріміздің тұтқасы болған бала, өз ісінің ұстасы болған бала... Қысқасы, бүкіл дүния бір перзенттің айналасында шыр көбелек айналып тұр. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» деген де осындайда айтылады.

Айтқандай, ұл-қызды айтып отырып, бүгінгі әлеуметтік мәселелерден аттап кете алмайтыныңыз ақиқат. Көп балалы аналардың жағдайын жасау, үрім-бұтағымыздың келешегін қамдау секілді көкейкесті сұрақтар күн сайын алдымыздан шығатын болды. Баяғының адамдары «Алты ұл тапқан ананы ханым десе болады» деп әспеттесе, бүгінгілер әупірімдеп жүріп төрт бала тапқан әйелді төбесіне көтеруге тиісті заманға да тап келген сыңай бар. 

Досай би айтқандай:

Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, 

Екі баласы бардың болар-болмас халі бар,

Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар, 

Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар, 

Бес баласы бардың дес бермейтін жөні бар, 

Алты баласы бардың алмай қоймас саны бар, 

Жеті баласы бардың алмай қоймас жаны бар,

Сегіз баласы бардың сергелдеңге салар кәрі бар, 

Тоғыз баласы бардың толғандырар жолы бар.

Он баласы бардың орда бұзар қолы бар, – деп бүкіл даланың пәлсафасына қалай-қалай қапысыз «диагноз» қойған дерсіз!

Ендеше, айтпағымыз, осыншама ойды қозғап отырған жапырағы жайқалған бәйтеректей бір әулеттің суреті.

– 1978 жылы түсірілген суретті «Атасының балалары» деп атағаным есте. Бұл фотода Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылының тұрғыны, ІІ Дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан Нұрмахан Әбенов деген кісі бір өзінен тараған немере-шөберелерінің ортасында отыр. Негізі, кемпірі он бала тапқан. Соның үшеуі тірі қалған көрінеді. Осы әулеттің иесі - Нұрмахан ағамыз сол үш баладан 9 немере, 20 шөбере көрген бақытты адам, – дейді қызылордалық ардагер фототілші Болат Омарәлиев.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 10:57

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

Аймақтар • Бүгін, 09:57

ММА: UFC-ді сынға алды

Спорт • Бүгін, 09:20

Жұдырықтай жұмылайық

Руханият • Бүгін, 07:45

«Москваның» мәселесі көп

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Зауалды бірлік жеңеді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жастар ауылдан кетпейді

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Игіліктің бәрі халық үшін

Саясат • Бүгін, 07:25

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономика • Бүгін, 07:24

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

Руханият • Бүгін, 07:17

Гүлзада тіккен бетперде

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Елін өрге сүйрейтіндер

Руханият • Бүгін, 07:06

Ұқсас жаңалықтар