Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Қоғамдық келісім – ел бірлігінің кепілі

564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың заңнамалық негіздері және практикасы» тақырыбында ауқымды жиын өтті. Онда ел бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың түрлі технологиялары талқыланды. 

Қоғамдық келісім – ел бірлігінің кепілі

Жиынды ҚХА Төраға­сы­ның орынбасары – Хат­шылық меңгерушісі Лео­нид Про­копен­ко мен акаде­­мия­ның стратегия­лық даму, зерт­­теу жұмысы және ха­лық­­ара­лық әріптестік жө­нін­дегі вице-ректоры Айгүл Көшер­баева ашты. Вице-ректор өз сөзінде мұн­дай іс-шараның маңыз­дылығына тоқталды.

«Жаһандану дәуірінде мем­лекет білім беру, отба­сы және діннің қуатты инс­ти­туттары мінез-құ­лық, өмір сүру нормасы мен қа­­рым-қа­т­ынастардың жа­ңа үл­гілерін жасауда, құн­­дылықтар жүйесін құ­руда. Осы орайда жаңа өл­­шемде билік органдары мен азаматтық қоғам­ның өзара байланысының, сон­дай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жал­пыұ­лттық бірлік пен біре­гей­лікті қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асырудың тың тетіктерін жасауға көмектесетін жаңа білім қажет», деді ол. 

Семинарда Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, отандық сарапшылар және академияның оқы­ту­­шылары дәріс оқыды. Мәсе­л­ен, Президент Әкім­ші­лігі Қазақ­стан халқы Ас­сам­б­лея­сы хат­шылығы мең­геру­ші­сі­нің орын­басары Нәзипа Ша­наи цифр­ландыру және қазақ­стан­­дық бірегейлік­ті нығайту мә­се­­лелеріне тоқ­талса, интер­нет­тегі құқық­тық қауіпсіздік мә­се­­­лелері туралы «Құқық­тық ме­диа ор­талық» ҚҚ ме­диа-заң­гері Гүл­мира Бір­жанова баяндады.

Ал Мемлекеттік басқару ака­де­­миясы Орталық Азия өңірін­дегі этносаралық және конфес­сия­ара­лық қаты­настарды зерттеу орта­лығы басшысының орынбасары Дастан Көшербаев Орталық Азия­дағы этноәлеуметтік үдеріс­тер және олардың Қазақ­станға ық­пал ету мәсе­лелерін қозғады.

Сонымен қатар ҚХА туралы жаңа заңнама шең­берінде би­лік органдары мен азаматтық қоғам­ның өз­ара байланысының тиім­­ді тетіктері, өңірлік тәуе­кел­­дер классификаторы мен этно­демографиялық пас­порт­тардың іс жүзінде қол­данылуы және басқа да мәсе­лелер талқыланды. 

Жолдыбай БАЗАР,

«Egemen Qazaqstan»