Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Каратеден Братиславада өткен Гран-при турнирінде қазақстандықтар 7 алтын жеңіп алды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словакияның Братислава қаласында каратеден Гран-при бәсекесі аяқталып, Қазақстанның кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы жалпы есебі 7 алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Каратеден Братиславада өткен Гран-при турнирінде қазақстандықтар 7 алтын жеңіп алды

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орынға тұрақтады. Біздің құрама сапынан Ермұхаммед Мэлс, Әсемгүл Ердәулет, Николь Ценгел, Олжас Құлажан, Ілияс Бекзадаев, Самат Қадырханов, Диана Мұсабаековалар чемпион атанды. 

Сондай-ақ, команда қоржынында 4 күміс пен 11 қола жүлде бар. 

Словакияда өткен 39-шы Гран-при турнирінде Ресей құрамасы көш бастады.