Күрес • 26 Ақпан, 2019

Болгариядағы халықаралық турнирге қатысатын еркін күрес балуандары анықталды

339 реткөрсетілді

24 ақпан мен 4 наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен «Дан Колов және Никола Петров» халықаралық турнирі басталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгінде аталған турнирге қатысатын еркін күрес балуандарының есімі белгілі болды. Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Алматыдағы АІВА академиясында өткен бірлескен оқу-жаттығу жиынынан соң халықарлық жарыста бақ сынайтын спортшылар есімін атады.

Олар: Нұрислам Санаев (57 келі), Қуат Әміртаев (61 келі), Болат Сақаев (74 келі), Абылайхан Нұрсұлтанов (79 келі), Нұрдәулет Көктеубаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі).

Еске сала кетейік, қазақстандық балуандар бес ел спортшыларының қатысуымен өткен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар