Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының полиция майоры Жандос Сұлтановқа алаяқтық істі қысқартып беруі үшін 400 мың теңге пара сыйақы бермек болған.
Алайда, Жандос Айбарұлы «арам олжадан» бас тартып, өзінің Ата Заң алдында адал екендігін дәлелдеді.
Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, аталған іс 20 ақпанда Еңбекші аудандық полиция басқармасында орын алған.
Қазіргі таңда бұл жайтқа қатысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігі «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ал, заңсыздықтың жолын кескен қалалық полиция департаментінің Еңбекші АПБ Тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Жандос Сұлтановқа ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30-желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына» сәйкес, департамент басшылығы тарапынан қаржылай сыйақы табысталды.
Нұршат ТӨКЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Шымкент