Сарвиноз екінші жұбаныш финалына жетіп, үздік сегіз спортшы қатарына енді.
Жастар құрамасының аға бапкері Самат Бейсеновтің айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш.
«Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшыларға Жапония, Сингапур, Германия, Ресей, Чехия, Англия теннисшілері қарсылас атанды. Мірқадырова үздік сегіздікке енсе, Алан Құрманғалиев, Александра Смирнова, Темірлан Кимдер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды», - дейлі аға бапкер Самат Бейсенов.