Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Оралда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс орталығы Курени ауданындағы қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы су басу қаупі бар учаскелер анықталған. Сол аймақтардан қар шығару, арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазарту сынды жұмыстар жүргізілуде.

Оралда су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

- Биылғы қар мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көп. «Қазгидромед» мекемесінің ақпаратына сәйкес  алдағы уақытта тағы да қар жауады, келесі аптадан бастап ауа температурасының жоғарылауы болжануда. Сол себепті қаланы қардан тазарту жұмыстарды бұдан әрі күшейтіп, қала тұрғындарына бірлесіп жұмыс жасау туралы түсіндірме жұмыстарын жандандыру қажет, -  деді Б.Азбаев

Бұдан соң Ғ.Қараш көшесі бойындағы арықтарды тазарту жұмыстары тексеріілді. Бұл жерде еріген қар суларының өткізу жүйесін тексерді.

- Коммуналдық қызметтер тәуліктік жүмыс тәртібіне көшірілген. Бизнес субьектілерінің барлық техникалары қар шығару жұмыстарына тартылған. Тұрғындарға аулаларды қардан тазалау туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шаһардан 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Республика бойынша шығарылған қар көлемінің үштен бірі біздің облысымызға келсе, төрттен бірі қала үлесіне тиесілі ,– деді қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Сонымен қатар Есқалиев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің шатырлары мен аулаларын қардан тазарту жүмыстары тиісті деңгейде жүрмей жатырғандығы анықталып, пәтер иелері кооперативіне айыппұл салу туралы жергілікті полиция қызметіне  тапсырма берілді.