Қазiргi таңда Петропавл нан-тоқаш комбинаты ай сайын 45 мың бөлке әлеуметтiк нан пiсiредi. Нанның осы түрi жергiлiктi билiктiң қатаң бақылауында.
«Әлеуметтiк нанның бағасы қымбаттамау керек. Бiздiң басты мiндет - осы. Аудандарда да баға тұрақты болуы тиiс. Тұрғындардың басым бөлiгi тұтынатын нанның бағасы өзгермейдi. Қатаң бақылау қажет» дедi Құмар Ақсақалов.