Технология • 26 Ақпан, 2019

«Барыс» – «Торпедо» матчына арнайы Shuttle автобустары ұйымдастырылады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арнайы шаттл автобустарындағы жол жүру құны қоғамдық көліктегідей, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің  ресми сайты.

«Барыс» – «Торпедо» матчына арнайы Shuttle автобустары ұйымдастырылады

Бүгін, 26 ақпан «Барыс» – «Торпедо» командалары арасында өтетін хоккей матчына арнайы Shuttle автобустары ұйымдастырылады. Жиналу нүктелері – «Қазақстан» СК тұрағы және Қанжығалы Бөгенбай батыр ескерткіші алдындағы тұрақ (Бөгенбай – Сарыарқа қиылысы);

Автобустардың жүру уақыты сағат 18:30 Жеткізу орны – «Барыс Арена» СК; Арнайы шаттл автобустарындағы жол жүру құны қоғамдық көліктегідей (90/180 картамен/қолма-қол төлем).