Жеңіл атлетика • 26 Ақпан, 2019

Аида Бауыржанова: Әлем кубогінің финалы психологиялық тұрғыдан қиын соқты

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Австралияның Мельбурн қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Аида Бауыржанова финалда бақ сынады. Біздің гимнаст әлем кубогі кезеңдерінде алғаш рет ақтық сынға шыққан болатын. Еркін жаттығу бойынша жалпы есепте 7-ші орын иеленген Аида Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, өзінің тырнақалды табысы туралы баяндады. 

Аида Бауыржанова: Әлем кубогінің финалы психологиялық тұрғыдан қиын соқты

 - Спорттық мансабымда тұңғыш рет әлем кубогі кезеңінің финалында өнер көрсеттім. Негізі, бөрене үстіндегі жаттығудан финалға өтемін деген мақсат болған. Бірақ іріктеу кезеңінде қателікке бой алдырып, ақтық сыннан сырт қалдым. Қуанышқа қарай, еркін жаттығуда үздіктермен иық тірестіріп, шешуші кезеңге өттім. 

Қазақстан қыздар құрамасынан финалда жалғыз өзім ғана сынға түстім. Сондықтан, уайым мен қобалжу басым болды. Өйткені, барлығы саған сенім артқандықтан, жауапкершілік ауырлай түседі. 

Тап осы қобалжуды жеңу мүмкін болмады. Финалдағы көрсеткішіме шектен тыс уайымға салынғаным әсер еткен сияқты. Алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетіп, өзімді жақсы ұстауға тырысамын, - дейді Аида. 

Еске сала кетейік, Аида Бауыржанова Қазақстан командасы сапында 2018 жылғы Азия ойындарына қатысқан болатын.