- Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көбейгенін білдіреді. Жалпы, көрсетілетін қызмет көлемі бойынша Жетісу өңірі республикалық көлемнің 11 процентін құрап, Астана мен Алматыдан кейін 3 орында тұр, - дейді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.
Айтпақшы, ғаламтор қолданушылар арасында да Жетісудың көрікті жерлері туралы ақпарат іздеушілер саны өскені байқалды. Мысалға, интернет желісіндегі танымал іздеу жүйелері – Google, Яндекс және Youtube видеохостингіндегі ақпарат сұрау бойынша жасалған талдау нәтижесі «Қазақстандағы саяхат жасауға қолайлы TOP-10 орынның» бесеуі Алматы облысында екенін көрсетті. Ең танымал тақырыптар қатарында Алакөл жағажайы, Шарын шатқалы, Көлсай пен Балқаш көлі және Қайыңды көлі тұр.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы