Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Астанада «Жаңа үлгідегі мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мәселелері талқыланып жатыр

245 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясының XVІІІ Сьезі қарсаңында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында және Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында «Жаңа үлгідегі мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» тақырыбына арналған панельдік сессия басталды.

Жиынды Мәжіліс депутаты, партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша партиялық кураторы Майра Айсина ашты.

Жиында Ақмола, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан келген делегаттар ертең Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ сьезінің күн тәртібіне шығарылатын, партияның 2030 жылға дейінгі жаңа партиялық бағдарламасының «Азаматтардың мүддесі үшін мемлекеттің тиімділігін арттыру» мақсатының тұрғысында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет көрсетуді реформалау мен жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар