Отырысқа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова, Парламент Мәжілісінің депутаты Иван Клименко, Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Серік Сапиев, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ төрағасы Юрий Пя қатысты. Отырыс барысында Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды орындау шаралары, еліміздегі медицина деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар туралы айтылды.
Денсаулық сақтау министрі шетелдік тәжірибелер кей кезде елімізде сәтті болмайтынын айтып өтті. «Мәселен, жатыр обырын арнайы вакцинациялар арқылы алдын алуға болады. Кей елдерде тіпті кішкентай балаларға да егіледі екен. Дегенмен вакицнациялар халықтың вакцинаға көзқарасы оң емес. Сонықтан бұл вакцинацияларды елімізге алып келу мүмкін болмады» деді Елжан Біртанов.
Одан бөлек, Қарағанды, Семей қалаларындағы медицина университеттері жанынан ауруханалар ашылып, студенттерге теориямен қатар тәжірибе жинау мүмкіндігі болатнын хабарлады.