«Пайдалы кеңестер аллеясы» шарасы өтуде
Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:04
Ауырмаудың жолын бүгінде бір Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы қолға алып отыр. Қай қоғам, қай халықтың да мұрат-мақсаты – саламатты тұрмысқа жол ашу. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы аурудың алдын алу, денсаулық сақтау бағытында қаншама бағдарламалар қабылдады. Оны біздің тәуелсіз Қазақстан да қуаттап, қосылып отыр. Президент өзінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Үкімет алдында таяу мерзімде жүзеге асырылатын 20 тапсырманы қойды. Соның бірі аурулардың алдын алуға, саламатты өмір салты мәселелеріне келіп тіреледі. Мұнда «Әрбір қазақстандық саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтану ережесін сақтамайынша, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс» деген тұжырым жасалған.

Саламатты тұрмысты насихаттау, аурудың алдын алу мақсатындағы «Пайдалы кеңестер аллеясы» атты акция әр аптаның сенбісінде «Кең – баба» саябағында өткізілуде. Оны Оңтүстік Қазақстан облысы басқармасы мен облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы халық үшін, халық денсаулығы үшін ұйымдастырылып отырған іс-шараның бірі. Яғни, саябаққа келген әр демалушыға, әр отбасына, тіпті ең кішкентай бүлдіршінге де үлкен мүмкіншілік – серуендеп, демалумен қатар, ата-аналар балаларын дәрігерге қаратып, қариялар қан қысымдарын өлшетіп, денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер тыңдап, ақпаратты-таным материалдарын алып қайтады. Акцияға облыстық, қалалық емдеу мекемелері және облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы білікті мамандарынан құрылған бір топ бригада қатысады. Шара тамыз айында «Йод тапшылығының және темір тапшылығының, ішек құрттардың алдын алу», «Вирусты гепатиттердің алдын алу», «Емшекпен емізу», «Жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларының асқынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету» және басқа да тақырыптарды қамтыды. Осы мәселелерге сәйкес, дәрігерлер халыққа кеңес берумен қатар, арнайы медициналық құрал-жабдықтары әкелініп, тексерулер жүргізіп, жүрекке тікелей және тікелей емес массаж жасау, жасанды тыныс беру, тыныс жолдарында бөгде заттың тұрып қалғанда, жарақаттанған жағдайда алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету тәсілдері халыққа көрсетті. Акция күз айларында да жалғасын табады.
Өмір – мәңгілік қозғалыс, даму, ілгерілеу – өмірдің заңы. Ол – мәңгілік, ол тоқтаусыз. Саламатты өмір салты дағдыларын ұстануға тек, денсаулық саласы ғана емес, барша қоғам, әр жанұя мүшелері бір қолдың бес саусағындай жұмыла кірісуіміз керек.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.