Спорт • 26 Ақпан, 2019

Қарағанды облысының 40 спорт мектебінде балалар тегін жаттығады

677 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды өңірінде балаларды тегін қабылдайтын 40 спорт мектебі жұмыс істейді. 2018 жылы оларға 29 000-нан астам адам жаттығуға келген. Мамандандырылған мектептерде спорттың 68 түрі бар, оның ішінде 40-ы олимпиадалық спорт түрлері.

Қарағанды облысының 40 спорт мектебінде балалар тегін жаттығады

Жыл сайын спорттық киімдер мен құралдарға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайтылуда. Ең бастысы – балалардың облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысуы қаржыландырылады. 2018 жылы Қарағанды облысынан 28 000 жуық спортшылар түрлі деңгейдегі 972 сайыстарға қатысқан. Ол жарыстарда 8687 медаль қанжылаған, оның ішінде алтын - 2831, күміс – 2735, қола - 3121.

Өңірімізде 114 халықаралық және реаспубликалық сайыстар, 42 Қазақстан чемпионаттары, 31 халықаралық тірнирлер мен екі әлемдік біріншіліктер ұйымдастырылды.

Балалар спорт мектептері тек Қарағандыда ғана емес, сонымен қатар Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Қаражал, Балқаш, Желқазған қалаларында, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында да жұмыс істейді. Кенттерде ашылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жаттығулар өткізетін базаға айналып отыр.

Өткен жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша облыстың спорт мекемелерінде «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілуде. Ол барлық спорт мектептері бойынша бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде спортшылар мен жаттықтырушыларды қаржыландырудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді, өңірде спорт түрлері мен инфрақұрылымның дамуы туралы нақты және толық ақпарат береді. 

Сонымен қатар мобильді қосымша да жасалып жатыр. Оның көмегімен кез келген адам өңірдегі спорт мектептері, федерациялар мен клубтар туралы барлық ақпаратты, жұмыс кестесін біле алады, сондай-ақ пайдаланушылар үшін қосымшада жаттықтырушылар туралы мәліметтер мен баланы секцияға жазу атқарымы болады.

Облысымыздағы балаларда спортпен шұғылдануға жағдай жасау үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. 

Ең жарқын мысалдардың бірі – Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері, жастар арасында спорттық акробатика бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк. Новодолинка кентінің тумасы Никита жуырда «Қазақстанның 100 тұлғасы» республикалық жобасының жеңімпазы атанды. Осымен он жыл қатарынан ол күн сайын таңғы алтыда тұрып, спорт мектебіне жаттығуға барады. Никита Амоскин – өмірде қалағаныңыздың барлығына қол жеткізуге болатынын дәлелдеуші.