Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Көкшетау қаласында «Блокчейн» технологиясын пайдалану бойынша семинар өтті

565 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде  ақпараттық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енеді. Блокчейн технологиясын салық жинау жүйесінде қолдану – төртінші өнеркәсіптік революцияның бір жаңалығы. Жалпы, сандық технологиялар салық және кеден саласын дамытуға зор серпін бермек.

Көкшетау қаласында «Блокчейн» технологиясын пайдалану бойынша семинар өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Блокчейн технологиясы және қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС әкімшілендіру механизмін енгізу мәселелері  бойынша семинар өткізді.

Семинар тұрғындардың ірі салық төлеушілеріне, шағын және орта бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдар үшін арнайы ұйымдастырылды. Осы семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер Комитеттің қызметкерлері, ЭШФ АҚ, «1С Рейтинг» ЖШС, ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының салық төлеушілері қатысты.

Семинарды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев ашып семинардың бағдарламасы және семинарға қатысушылар - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды қызметкерлері, ЭШФ АҚ, «1С Рейтинг» ЖШС, ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерімен  таныстырды.  

Қазақстан Республикасы  ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Маткулова «ҚҚС бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС енгізу ерекшеліктері» тақырыбына сөз сөйледі. Ол салық төлеушілерге ҚҚС әкімшілендірудің жаңа әдістерімен және BLOCKCHAIN ҚҚС АЖ жұмысының сценариймен тыңғылықты таныстырды.

 «Open System Development» ЖШС бас талдаушысы  Ирина Михеева «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесі және «Виртуалды қойма» қызметі оның ішінде, салық төлеушілер ҚҚС бақылау шотын пайдаланғанда тауарларды есепке алуға қатысты айтып берді.

Салық төлеушілерге «Виртуалды қойма» электрондық жүйесі жұмысы туралы бейне ролик  көрсетілді.

Бұдан кейін бағдарлама бойынша «1-С Рейтинг» ЖШС сарапшысы  Виктория Гусева «1-С салық төлеушінің есеп жүйесінде ресімдеу: ҚҚС  бақылау шотын пайдаланудағы бухгалтерия» тақырыбы бойынша сөз алды.

ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы офисінің үйлестірушісі Үмітгүл  Губашева тауарларды электрондық кедендік декларациялау және «АСТАНА-1» АЖ-не мәліметтерді беру тәртібіне жан-жақты тоқталды.  Бастапқы «АСТАНА-1» АЖ жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, осы бағдарламаның сыртқы экономикалық қызметке қатысушалар, сондай-ақ, кедендік операциялармен айналысатын тұлғалар үшін де тиімді екендігін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Өтпелі мониторинг басқармасының басшысы Ғарифолла Досмағамбетов  «Ko`kshe» телерадиокомпаниясына өз сұхбатында  Блокчейн технологиясын енгізудің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өтті.

Олардың ішінде қосылған құн салығын қайтару мерзімін қысқарту, алдын-ала декларацияны  автоматты қалыптастыру, тексерулердің  санын азайту, көлеңкелі схемаларды қолдануға бөгет жасау және тағы басқалар.

Семинар барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.