Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Мемлекеттік кірістер комитеті үш құрауышты интеграцияланған жүйенің жобасы бойынша ұсыныстар қабылдауда

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасымен Салық кодексіне үш құрауышты интеграцияланған жүйесін дара кәсіпкерлермен өз еркімен қолдануды көздейтін түзетулер енгізілетінін хабарлайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті үш құрауышты интеграцияланған жүйенің жобасы бойынша ұсыныстар қабылдауда

Үш құрауышты интеграцияланған жүйе тауарлардың есепке алынуын, сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды автоматтандыруға арналған және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сонымен қатар есепті автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) тұрады.

Үш құрауышты интеграцияланған жүйесі мен оның есебі, оны орнату тәртібі мен қолдану бойынша талаптары Ұлттық экономика министрлігі, Ақпарат және коммуникация министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің келісімдері бойынша Қаржы министрлігімен белгіленеді.