Руханият • 26 Ақпан, 2019

Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінің финалына өтті

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Елизавета Король финалға өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінің финалына өтті

Король 50 метрге үш жайғасым бойынша нысана көздеуден іріктеу сынында 8-ші орыннан көрінді. Бұл финалға өту үшін жеткілікті көрсеткіш. 

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінде нысана көздеуден Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады. Ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун команда алдында үш лицензия ұтып алу міндеті тұрғанын айтқан болатын. 

«Мергендер Олимпиада жолдамасын әлем кубогі кезеңдері мен Азия чемпионатында сарапқа салады. Атап айтар болсақ, біздің спортшыларды төрт бірдей әлем кубогі кезеңі күтіп тұр. Әлемдік додада әр жаттығу түрінен екі олимпиадалық квота беріледі. Егер 1-2 орындағы спортшылар жолдамаға иелік еткен болса, квота 3-4 сатыдағы мергендерге өтеді. Ал Азия чемпионатында әр жаттығудан төрт квота таратылатыны анықталды. Олимпиаданың үш жолдамасын иеленсек деген мақсат қойдық», - дейді бас бапкер.

16-28 ақпан аралығында өтетін әлем кубогі кезеңіне төмендегі спортшылар қатысуда: 

Владимир Исаченко

Юрий Юрков

Александра Малиновская

Елизавета Король

Алексей Клейменов

Зәуреш Байбосынова.