Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Қазақстан делегациясы Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің конференциясына қатысты

415 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің (АҚК) Жоғары деңгейлі Сегменті (ЖДС) және Қарусыздандыру жөніндегі Конференция шеңберіндегі жұмысын бастады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан делегациясы Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің конференциясына қатысты

АҚК ЖДС сессия қатысушыларының алдында сөз сөйлеу кезінде қазақстандық дипломат БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі бола тұра, еліміздің жаһандық деңгейде адам құқықтарын сақтауға, ізгіліктік күйзеліске ықпал етуге, жанжалдағы әйел және бала құқықтарын қорғауға жоғары назар аударатындығын атап өтті.

Ұлттық деңгейдегі адам құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстан делегаты демократиялық құндылықтардың «Қазақстан 2050» стратегиясына негізделіп, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше болу жолындағы прогрестің индикаторы болып табылатындығын айтты. Елбасының қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық құқық қорғау жүйесін әрі қарай нығайту, азаматтардың саяси, әлеуметтік және экономикалық құқықтарын бұдан әрі іске асыру бойынша іс-шаралар баяндалған. Сонымен қатар, Е. Ашықбаев БҰҰ адами құқық механизмдерін орындау бойынша өткізіліп жатқан жүйелік жұмыс жөнінде хабарлады.

Жұмыс тиімділігін жоғарылату және АҚК құрылымдық жұмысына жету мақсатында қазақстандық дипломат Кеңес күнтізбесіндегі барлық мәселелерді қарастыру барысында бейтараптылықты, тең құқылы диалогты және теңгерімді көзқарасты танытудың маңыздылығы атады. Қазақстан АҚК жұмысындағы өз көзқарасын алға жылжыту мақсатында 2022-2024 жылдар аралығына өз кандидатурасын Кеңес мүшелігіне ұсынды.

Қарусыздану жөніндегі конференцияда сөз сөйлеген Е. Ашықбаев Конференция үшін мерейтойлық жыл – 40 жыл бұрын БҰҰ мүшелері қарусыздану жөніндегі форум құру туралы шешім қабылдағанын, «Невада – Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысының 30 жылдығымен және Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуының 25 жылдығымен тұспа-тұс келетінін атап өтті.

Қазақстан делегациясының басшысы әлемдегі күрделі жағдайды, қарусызданудың негізгі мәселелері бойынша жетекші державалардың келіспеушіліктерін ескере отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылық еткен белсенділігін атап өтті. Жаһандық антиядролық қозғалыс күмән тудырмайды. Министрдің орынбасары, сенімді қалпына келтіруде барлық мемлекеттердің өзара бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығын ескеріп, бұл өз кезегінде қазіргі заманның көптеген проблемаларын шешудің кілті болып табылатынын баса айтты.

Бұл тұрғыда Қазақстан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің «қарусыздану жөніндегі күн тәртібіне» практикалық үлесін қосып, барлық ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастық тетігін құру және Астанада барлық аймақтар өкілдерінің кездесуін өткізу жөніндегі бастаманы қолдайды.

Сондай-ақ іс-шара алаңдарында Е. Ашықбаевтың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы Ольга Алгаеровамен кездесуі өтті. Атқарушы хатшы 2018 жылы Орталық Азия елдерінің экономикасы үшін БҰҰ Арнайы Бағдарламасындағы (СПЕКА) Қазақстанның тиімді төрағалық етуін және Бағдарламаның 20 жылдығына орай Алматы қаласында СПЕКА шараларын сәтті өткізгендігін атап өтіп, Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция сессиясын өткізгендігі, сондай-ақ жаһандық деңгейде Қазақстанның Су конвенциясында төрағалық еткендігі үшін алғыс білдірді.

Е. Ашықбаев жол қозғалысының қауіпсіздігі, тұрғын үй шарушалығы мен қала дамуы, көліктің бәсекеге қабілеттілігі, экологиялық саясат, сауданы реттеу бойынша БҰҰ ЕЭК сарапшылары өткізген консультативтік және сарапшылық жұмыстарын жоғары бағалады.