Руханият • 26 Ақпан, 2019

Астанада Ұлыстың ұлы күніне арналған концерт өтеді

205 реткөрсетілді

«QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы және «Хабар» агенттігі астаналықтар мен қала қонақтарына «Ұлыстың ұлы күні» атты концертін ұсынады. Концерт 13 наурыз күні  «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

«Ұлыстың ұлы күні» жобасының шеңберінде көрермендер ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындардың театрландырылған көрінісін, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін тамашалай алады. Бұл күні «Қазақстан» концерт залының үлкен сахнасы мен фойесінің декорациялары ерекше сән-салтанатпен безендірілген киіз үй үлгісінде ұсынылады.

Концертте «Астана мюзикл» мемлекеттік театры үздік мюзиклдердің үзінділерін ұсынады. «Ұлыстың ұлы күні» концертінде көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері, заманауи сазды әуендер жанды дауыста «Астана сазы» және «Saz&soul» ұжымдарының сүйемелдеуімен орындалмақ. Отандық эстрада жұлдыздарының жаңа образдары, таптырмас шоу және күтпеген дуэттер ерекше әрі естен кетпес әсер қалдырады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар