Медицина • 26 Ақпан, 2019

Астанада екі не одан да көп пәтері бар адамдардың саны қанша?

1787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 29 мың адамның екі немесе одан да көп пәтері бар, оның 18 мыңы жалға беріледі. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Астанада екі не одан да көп пәтері бар адамдардың саны қанша?

Оқырман пәтерді заңсыз жалға беруге және салықтан жалтаруға қарсы күрес шаралары туралы сұрады. Сұлтанғазиев «Азаматтарға арналған үкіметтің» мәліметтеріне сүйене отырып, Астанада 29 мың жеке тұлғаның екі және одан да көп пәтері барын, олардың ішінде 7,3 мың адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 18 мың пәтердің жалға берілетінін мәлімдеді.

«Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде уәкілетті органдардың қолда бар мәліметтеріне мониторинг жүргізу арқылы тіркеу есебіне қою және салық салуға тарту бөлігінде жылжымайтын мүлікті заңсыз жалға беретін тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жүргізеді, сондай-ақ, полиция органдарымен бірлескен шаралар жүргізіледі», - деп хабарлады Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, 2018 жылы Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлікті жалға беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын 3,4 мың салық төлеушіні тіркеу есебіне қосымша қойған. Жалпы Астанада осы қызмет түрі бойынша 14 мыңнан аса салық төлеуші тіркелген.