Кеше Қорғас ауылында орналасқан халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағынан Қазақстанға қарай шығар залда шекара наряды 20 шөлмек (10 литр) иесіз алкоголь өнімдерін (виски) тауып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырды. Сонымен бірге, әдеттегідей, Қытайда шығарылған тағы 9 кг дәрі-дәрмек табылды.
Қордайлық шекарашылар «Мерседес-бенц» (спринтер) автокөлігімен елімізге келе жатқан 59 жастағы Қырғыз Республикасының азаматынан 12 шөлмек (18 литр) шарап, 38 жастағы қазақстандықтың Фольксваген пассат автокөлігінен 246,6 литр арақ тауып, актілеп, уақытша сақтау қоймасына тапсырды. Бұл азаматтардың ісімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері айналысатын болады.