27 Ақпан, 2019

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетіне жаңа төраға сайланды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі Берік Оспановты Аграрлық мәселелер комитетінің төрағалығына сайлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетіне жаңа төраға сайланды

«Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы басқа қызметке ауысуына байланысты біз комитет төрағасын сайлауымыз қажет. Осы орайда заңнамаға сәйкес, бос орынға депутат Берік Серікұлы Оспановтың кандидатурасын ұсынамын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында.

Депутаттар Берік Серікұлы Оспановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Берік Оспанов Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ретінде қызмет етуде. Осыған дейін біраз жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарды. Ол заңгер мамандығын меңгерген, сондай-ақ6 экономика ғылымдарының докторы дәрежесін алған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Жақында Сапархан Кесікбайұлы Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.